BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады

Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Іс шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Шажабаев, аудандық жұмыспен қамту орталығы бөлімінің бас маманы Қарлыға Нәметова қатысты. Шара барысында Жұмабек Тоқаұлы қазіргі таңда мүгедек жандарға мемлекет тарапынан мейлінше жағдай жасалып жатқандығына тоқталып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мекемелерге кірме жолдары мен жұмысқа орналасу мәселесі партияның қадағалауында екендігін айтты. Ал, жұмыспен қамту орталығының бас маманы Қ.Нәметова болса, аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 3615 адамды құрайтынын, солардың ішінде биыл мүмкіндігі шектеулі 35 жанды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланғанын тілге тиек етті. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі 27 азамат жұмыссыз ретінде тіркелгенін айтты. «Бүгінде олардың кейбірі жұмыспен қамтылды. Атап айтсақ, аудан бойынша 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 3-еуі кәсіби оқуға жіберілді. Сондай-ақ, 12 азамат адам ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасты, 1 азамат жас мамандар тәжірибесінен өтуде, 3 азамат әлеуметтік жұмыс орнына қызметке жіберілді», – деді Қарлыға Мырзабайқызы.
Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жандардың тарапынан қойылған сұрақтарға мекеме басшылары қанағаттанарлық жауап беріп, алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табатынын жеткізді.


Райхан Жәнібекова,
Жамбыл аудандық «Нұр Отан»
партиясы филиалы есеп және статистика секторының меңгерушісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер