BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бейсенбі күні аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялык саясат жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Оны аталмыш комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары С. Кенжебаев ашып, жүргізіп отырды. -Отбасы - адамзаттың баға жетпес байлығы. Ол барлық заманда даму мен тұрақтылықтың негізгі факторы, мемлекеттің нығаюы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер етуші және көмекші құрал болып табылды,- дей келіп, Сағындық Жұмағұлұлы Көктал ауылдық округінде тұратын, отбасында өнегелі ұрпақ өсірген, көп балалы ана Р.Рапишеваға Алғыс хатты табыстады. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе- “Адамгершілік және жыныстық жағынан тәрбиелеу мен ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы” аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г. Мамырбаева, “Отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлықты жоюға ерлерге, әйелдерге және балаларға қатысты зорлықтың алдын алу мақсатындағы шаралар жөнінде” аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бойынша аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Т. Нұрғалиқызы баяндады. Баяндамашы өз сөзінде аудандық ішкі істер бөлімінде әйелдерге қатысты қылмыс құрамы бар құқық бұзушылықтарды талдау және статистикалық мәліметтерді саралау барысында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлығы 44 (2015 жылы -65) қылмыс тіркелгендігін, ал ҚР ҚК-нің 120 бабының 1 бөлігі бойынша 3 қылмыс, ҚР ҚК-нің 107 бабының 1 бөлігі бойынша 1 қылмыс сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатқандығын тілге тиек етті. Жалпы әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар отбасындағы жанжалдар мен ер- азаматтардың маскүнемдікке салыну, қызғаншақтық пен жұмыссыздықтан орын алатындығын баса айтып, зорлық- зомбылыққа ұшыраған әйелдерге психологиялық көмек беретін ауданда 7 психологқа, сондай-ақ, аудандық емханада “Жастар денсаулығын қорғау орталығында” 7-91-34 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайтын болғандықтан, соған жүгінуге болатындығын жеткізді. Мәжіліс барысында “Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жастарды спорт мектептеріне тарту шаралары жайында” аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Омаров, “Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауын іске асыруға әйелдердің қатысу белсенділігі туралы” аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы ММахамбетов хабарлама жасады. Күн тәртібінде қаралған мәселелер жан -жақты талқыланды, тиісті қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер