BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маңызды мәселе қаралды

Жуырда аудандық кітапханада селолық округтердегі қоғамдық келісім төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қарастырылған латын әліпбиіне көшу идеясын, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын, жалпыұлттық патриотизмді дәріптейтін «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін көрсететін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мәселелері күн тәртібіне қойылды.

Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айткүл Медеуова: – Жақында Елбасы Жолдауының орындалу барысы облыста, аудандағы кеңейтілген кеңесте қаралды. Жұмыс жоспары нақтыланды. Мемлекет басшысы биыл үш бірдей жаңа бастама көтеріп, даму жолын жан-жақты айқындап берді. Біріншіден, елімізді технологиялық дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ауқымды жаңғыруға, екіншіден, конституциялық реформа арқылы саяси жаңғыруға, ал мақалада рухани жаңғыруға жол ашып отыр», – деп өзекті тақырыптарға назар аударды. Ауданның дін істері жөніндегі инспекторы Оспан Жандос Елбасының бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды орындаудағы міндеттерді айқындап, діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны мен одан сақтану жолдары туралы баяндады.
«Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Күміс Кемелбекова, Мыңбаев ауылының тұрғындары Майра Рустамова мен Нұржан Манапбаев өз пікірлерін ортаға салды. Кейбір түйткіл мәселерді атап, оны шешудің жолдарын қарастырды.
Жиын соңында алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларға назар аударылды. Ел болашағы үшін қолға алынған аса маңызды бағыттарды анықтаған Елбасы мақаласындағы нақты тапсырмаларды жүзеге асыруға тиісті шешімдер белгіленді.

Майра Алдабергенова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер