BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Колледждегі келелі істер

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз- дігінің 25 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 71 жылдығы құрметіне Арал көпсалалы колледжінде соғыс және еңбек ардагері Айдын Әбіловты еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлерінен аудандық жарыс ұйымдастырылды. Онда Калашников автоматын АК-74 оқу-жаттығу қаруын толық емес бөлшектеу және жинау, пневматикалық винтовкадан ату, арқан тарту, 100 метр, 1000 метр қашықтыққа жүгіру, кермеге тартылу, әскери-қолданбалы кедергілі жолдардан өту эстафетасынан жарыс ұйымдастырылды. Әскери ойындардан жалпы командалық есепте Арал көпсалалы колледжі оқушылары командасы І-орынды жеңіп алды. Ал, қызметкерлер арасындағы мылтық ату сайысынан І-орынды Рашид Өтеулиев, ІІ-орынды Мәлік Оспанов, ІІІ-орынды Асхат Әлібеков иеленді. Оқушылар арасындағы жекелей сайыста 1000 метрге жүгіруден Бостандық Жұма- мұратов, кермеге тартылудан Нұралы Жасұлан, әскери-қолданбалы кедергілерден өту жарысында Арал көпсалалы колледжі, арқан тартудан Арал индустриалды-техникалық колледжі, АК-74 оқу-жаттығу автоматын бұзып- жинаудан Нұрсұлтан Шаманов, 100 метрге жүгіруден Жақсыбек Көшер- баевтар үздік атанды. Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерді Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілбай Садықбаев, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Рысқали Маханов, еңбек ардагері Әбіл Сейтжаппаров, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Бейсенов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілдері Дулат Мегенов пен Жасұлан Рзағазиевтар құттықтап, ескерткіш сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етті. Кеш соңында Айдын Әбіловтың қызы Жақсықылыш кенті бала-бақшасының қызметкері Іңкәр Әбілова майдан әндерін нақышына келтіре орындап, атаның балалары мен немерелері әке рухына бағыштап құран оқытып, ас берді.

Шолпан БАЛМАНОВА, Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер