BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚАЗАҚТЫҢ МАЛ – ЫРЫСЫ...

Дана халқымызда: «Мал баққанға бітеді», – деген қанатты сөз бар. Өйткені, төрт түлік мал қазақтың құт-беркесі, ырысы мен байлығы. Осындай жайлауы жасыл, малдары асыл құтты мекен атанған Жамбыл ауданында мал шаруашылығы бүгінде даму үстінде. Аудан халқы малын бағып, бау-бақша егінін өсіріп, шөбін шауып, төлін көбейтіп шаруаларына шыр бітіруде.

Дана халқымызда: «Мал баққанға бітеді», – деген қанатты сөз бар. Өйткені, төрт түлік мал қазақтың құт-беркесі, ырысы мен байлығы. Осындай жайлауы жасыл, малдары асыл құтты мекен атанған Жамбыл ауданында мал шаруашылығы бүгінде даму үстінде. Аудан халқы малын бағып, бау-бақша егінін өсіріп, шөбін шауып, төлін көбейтіп шаруаларына шыр бітіруде.
Жаз жайлау төріне қоныстанған олар малдарының қоңын көтеріп, төрт түліктің игілігін қажетке жаратуда. Бүгінгі таңда ауданда барлығы 113024 ірі қара, оның ішінде 33971 сауын сиыр, 775660 қой мен ешкі, 35591 жылқы, 1867 түйе мен 501989 құс жеке тұрғындар иелігі мен ауыл шаруашылық ұжымдарында, шаруа қожалықтарында бағылуда.
Алдымен көктемгі мал төлдету науқаны ойдағыдай өтіп, мал саны өз төлімен көбейді. Нәтижесінде 40850 бұзау, 10246 құлын, 30033 қозы-лақ, 323 бота алынды. Осылайша мал саны артты. Мал өнімдерінің көрсеткіші де көңіл қуантады. Сонымен 9883 тонна ет, 19256 тонна сүт, 1294 тонна жүн, 37 млн. 605 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жыл сайын ауданымызда алдағы мал қыстату кезеңіне де алдын ала көңіл бөлінуде. Мал азығын дайындау ерте бастан қолға алынды. Ауданымыздағы ауыл шаруашылық ұжымдары, шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындар малға шөп дайындауда белсенділік танытты.
Қазіргі уақытта көк жайлау төсі төрт түлік малға толды. Айталық, Ұзынағаш, Жамбыл, Қарасу, Ақсеңгір, Шолаққарғалы округтерінің әкімдері мен шаруа қожалық иелері қаражат жинап, жайлаудың жолы жасалып, ретке келтірілген. Бүгінде аудан бойынша жайлауға 78000 ірі қара, 570 мың қой мен ешкі, 1500 жылқы шығарылып бағылуда. Малшылар суы таза, шөбі шүйгін Үлкенсаз, Кішісаз, Көктөбе, Құлансаз, Майтөбе, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе, Бесмойнақ, Сәбден, Қоңыртөбе, Асу, Көктекше, Қасқасу, Қызылауыз, Белата, Қарақия жайлауларын және де алыс жайлауларды тиімді пайдалануда. «Малы семіздің, төлі егіз» демекші, жайлауда бағылып, күздеуге түскен, қорасы жылы қыстауда төлдеген малдың төлі де, өндірілетін өнімі де мол болатыны ақиқат.


Әйгерім ӘБУ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер