BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Гранит бар, мәрмәр бар, тасқа да ерен талғам бар

Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады», – деп Жолдауда нақты айтты. Елбасы Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Қазыбек бек бекетінде 2014 жылы «Күрті» тас өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл зауытты А.Н.Логинов осы сала бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Ұлттық Университетінде оқып келіп, іскерлікпен басқарып отыр. Ол инженер-геолог мамандығын 1976 жылы меңгерген.
С.Айманов болса «Күрті» тас өңдеу зауытының құрылыс және сұрақтар бойынша орынбасары болып қызмет істейді. Тас өңдеу зауытына қажетті гранит тасы Жалпақтас өңірінен алынады. Жалпақтас өңірінде де бірнеше еңбеккерлер қызу жұмыс үстінде. Бұл өңірдің басшысы Е.Ертаев өз қызметін адал атқаруда. «Күрті» тас өңдеу зауыты негізінен жол құрылысы нысандарына гранит тасынан қажетті материалдарды, тақта тастарды, жолжиектік тастарды қазіргі заманауи технологиялар арқылы өндіріп, Қазақстанның түкпір-түкпіріне жібереді. Осы тас өңдеу зауыты Алматы облысындағы «Асылтас» кәсіпорнын гранит тасынан өңделген шикізатпен қамтамасыз етуде.
«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің құрылыс нысанына «Күрті» тас өңдеу зауытынан көптеген тас өнімдері тапсырыспен Астанаға жөнелтілді. Бұл тас зауытының өнімдері өте жоғары сапада дайындалады. «Күрті» тас өңдеу зауытының өнімдері көршілес мемлекеттерге де, яғни Рессейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға тапсырыспен жөнелтіледі. Қазіргі таңда ауылдың көпшілік жастары осы зауытта еңбек етуде. Олар екі ауысыммен жұмыс істейді. Бұл тас өңдеу зауытының басты бағыты жол салу, құрылыс нысандарына тастан шикізат өндіріп жеткізу. Ауылдық өңірлерде осындай жұмыс орындары көптеп ашылса, қандай жақсы болар еді!

Балжан Балмұратова,
мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі.
Қазыбек бек ауылы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 20:24
Әр нотада шабыт бар
Пікірлер