BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ДІНДІ БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ АБАЙДЫ ОҚЫҢЫЗ

Жуырда облыс орталығы Талдықорған қаласында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруы-мен «Діни деструктивтік идеологияны таратуға қарсы тұруға және конфес-сияаралық қатынастарды сақтаудағы БАҚ-ның рөлі» атты семинар-тренинг өтті. Оған облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, «Білім» білім беру мәдениет орталығының директоры Руслан Ержанов, РАНТ-ның мүшесі, «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Рүстем Сыздықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, phd докторы, теолог Расим Челидзе және облыстық, аудандық БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Жуырда облыс орталығы Талдықорған қаласында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруы-мен «Діни деструктивтік идеологияны таратуға қарсы тұруға және конфес-сияаралық қатынастарды сақтаудағы БАҚ-ның рөлі» атты семинар-тренинг өтті. Оған облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, «Білім» білім беру мәдениет орталығының директоры Руслан Ержанов, РАНТ-ның мүшесі, «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Рүстем Сыздықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, phd докторы, теолог Расим Челидзе және облыстық, аудандық БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Ең алғаш сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов келген қонақтарды БАҚ өкілдеріне таныстырып, облыстағы діни ахуалды қысқаша баяндады. Одан кейін сөз алған «Білім» білім беру мәдениет орталығының директоры Руслан Ержанов: «Иә, «діни экстремизм», «діни терроризм» деген нәрсе қазіргі таңда қатты ушығып бара жатқан дүниенің бірі. Бірақ, бұл тіркестердің «діни» деп қолданылуы дұрыс емес. Себебі, біздің дін экстремистік, я болмаса террористік бағытты құптайтын дін емес. БАҚ өкілдері соған көптеп көңіл бөлсе екен дейміз. Қазір әлемнің әр түкпірінде неше түрлі террорлық актілер болып жатыр. Сол террорлық актілердің бәрін жасап жатқан мұсылмандар емес, оның арасында «синоистер», христиандық ағымдар сияқты көптеген топтар істеп жатады. Бірақ сол болып жатқан терактілерді ешкім «Христиандық ағымдар» немесе «Синоистік ағымдар» жасап жатыр деп әлемге жар салмайды. Есесіне, дінді дұрыс түсінбей жат ағым жетегінде кетіп жатқан мұсылмандар сондай бассыздыққа барса, «Ислам террорлары», «Ислам дінінің экстремистері» деп жаппай аттан саламыз. Міне, біздің осал жеріміз осы. Мұндай ұғым, яғни «ислам дінін ұстанушы террористер» деген ұғым 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Америкадағы егіз мұнараға жасалған шабуылдан кейін басталды. Ол уақытқа дейін бұндай терминдер қолданылмаған еді. Біз соны дұрыс түсіне білсек екен. Сол уақытқа дейін ешкім терроризм деген нәрсені Ислам дініне теліп айтпайтын. Ал қазір бүкіл БАҚ-на шолу жасасаңыздар «Ислам мемлекеті», «Ислам дінін ұстанушы террорлар» деген нәрсені көптеп көреміз. Бұны да бәз біреулер асыл дінімізге қара күйе жағу үшін әдейі істеп отыр. Себебі, біздің дін дамып, мұсылмандардың саны күн санап арту үстінде. Асылында Ислам діні террорлық пен экстремистікті қолдамайтыны хақ. Осыны БАҚ өкілдері қаперінде ұстаса екен», – деп сөзін қорытындылады.
РАНТ-ның мүшесі, «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Рүстем Сыздықов: «Расымен, Руслан Самарқанұлының айтқан сөзінің жаны бар. Бірақ, біздегі БАҚ өкілдері діни ағымдар туралы жазбас бұрын алдымен сол саланың білікті маманымен ақылдасып отырып жазса, нұр үстіне нұр болар еді. Әйтпесе, кейбір БАҚ беттерінде экстремизмге қарсы мақала жазамыз деген қаламгерлер тура жолды ұстанып жүргендерді де жазғырып жатады. Сіз бен біз БАҚ-на мақала жазғанда немесе сұхбат бергенде Қазақстандағы «діни экстремизм» топтары қайсысы екенін және Қазақстандағы діни экстремизмді насихаттап жүрген солардың шейхсымақ-тарын нақты айтуымыз керек. Оны қашанғы жасырамыз. «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар қазақта. Біз оларды несіне жасырамыз?
Мен өзім дін саласында қызмет етіп жүргеніме бірнеше жылдың жүзі болды. Сол уақыт аралығында ҚМДБ-нан Ерсін Әміре, Ризабек Батталұлы сияқты бірнеше дін ғалымдарымен бірлесе жүріп діни ағым құрамына кіріп кеткен алпысқа жуық жастың бетін бері қайтардық. Бірақ, олардың бәрі өз ойынан мүлде айнып кетті деу де жаңсақ пікір болар. Сондай топтардың құрамына кіргендердің көбі жастар. Неге? Себебі, жастар қазір әлеуметтік желіде көп отырады. Содан олар өзіне қажетті не қажетсіз көптеген мағлұматтардан хабардар болады. Сөйтеді де ойламаған бір күні діни ағым сапынан бірақ шығады. Оған мешіттегі имам, мектептегі мұғалім, құқық қорғау қызметкерлері емес, біріншіден ата-ананың өзі кінәлі. Өйткені, қазіргі ата-аналар баласынан гөрі үнді мен корейлердің телесериалдарына көп уақытын жұмсайды немесе көпшілігі жұмысбасты болып баласына уақыт бөлуден қалған.
Егер сіз өз балаңыздың компьютері мен смартфонын ақтарып нені тыңдап жүргенін, қандай әдебиетті оқып жүргенін, араласып жүрген достарының кім екенін білмесеңіз, кеше ғана әке-шешесінің айтқанын екі етпей орындап жүрген баланың бір күні сақал қойып, орамал тағып, анауың «бидғат», мынауың «шірік», имамдарың мен «Абайың адасқан», «Шәкәрім шатасқан» дегенін естісеңіз, онда балаңыздан айырылдым дей беріңіз. Себебі, ондай ағым құрамына кіргендер салтың мен дәстүріңе, кешегі «Бір Аллаға сиынып, кел балалар, оқылық!» деп өткен Ыбырай Алтынсарин сияқты ұлы ойшылдарға пысқырып та қарамайды. Бірақ балаңыз мешітке барып имамнан сабақ алса, Әбу Ханифа мәзһабымен намаз оқып, орамал тақса одан қорықпаңыз, одан қауіп болмайды.
Осы жастар неге діни ағым құрамына кіріп кетеді деген сауалға көпшілігі материалдық қиыншылық көргеннен деп жауап береді. Ол да дұрыс емес. Оған бірден-бір дәлел мына оқиға. Бір күні мен бір лауазымды тұлғамен сөйлесіп отырғанымда әлгі кісі өзінің ұлы діни ағым құрамына кіргенін айтып менен көмек көрсетуімді өтінді. Мен оның сөзін жерге тастамай баласы үйіне келгенде мені де шақыршы дедім. Сөйттім де, кешке баласы спортзалдағы жаттығудан келген соң сөйлесейін, сұхбат құрайын деп шешім қабылдадым. Кешке жаңағы кісінің үйіне бардым. Барсам, үйі үш қабатты, жағдайы жоқ деуге келмейді. Сондай зәулім үйде тұрғанымен шаңырағынан шаттық кеткен, баспанасында бақыттың иісі де сезілмейді. Себебі, баласы діни ағым құрамына кіріп кеткен. Содан кешке баласы үйіне келгенде жеке отырып сөйлесейік деп оңаша қалып сөйлесіп, «Балам, сенің намаз оқып, ораза ұстап, Алланың әмірін орындап жүргенің өте құптарлық іс. Бірақ ата-анаңнан сырт айналып, сендер «кәпірсіңдер», сендермен бір шаңырақтың астында тұрмаймын деуіңе не себеп болды?» –дегенімде оның маған берген жауабы мынадай: «Мен еркін күрес түрінен күнде дайындыққа барамын. Қазір сол спорт түрінен чемпионмын. Бір күні біздің жаттықтырушы «Құрметті мұсылман бауырлар, сендердің үйдегі ата-аналарың иманның мынадай алты шартын білмесе, олар мұсылман емес, олармен бір шаңырақ астында тұруға болмайды, тіпті олармен бір дастархан үстінде ас ішу де дұрыс емес», – деді. Сол сөзден кейін мен үйге келіп әке-шешеме сіздер «Мұсылмансыздар ма?», «Мұсылман болсаңыздар, иманның алты шартын айтыңыздаршы?» десем, олар жауап бере алмады. Сондай қарапайым сұраққа жауап бере алмаған адамдармен қалай тұрайын», – деді ол маған.
Сосын мен оған: «Балам, Құранда Алла тағала әуелі өзіне құлшылық қылуды, кейін әке-шешеңмен жақсы қарым-қатынаста болуды бұйырады. Яғни, сенің әке-шешең намазхан болмаса да сенің оларды құрметтеуің парыз болып табылады. Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) «Жаннат – аналарыңның табанының астында» деп бізге анамызға, әкемізге жақсы қарайласу керектігін өсиет етіп кетті деп бірнеше аят пен хадистен мысал келтіре отырып, әлгі жас жігітті өз райынан қайтардым.
Көрдіңіз бе, біздің осал жеріміз осы. Олардың ұстаздары Дарын Мұбаров, Октам Зауырбеков, Ділмұрат Әбу Мухаммад сияқты бірнеше шейхсымақ кісілер. Міне, осыларды балаларыңыз тыңдап жүрсе, солардың уағызына құлақ асатын болса, балаңыз «сәләфи» ағымына кіру үстінде екенін біліңіз. Олардың адам санасын улауына он күн уақыт та жетеді. Мен сондай ұстазсымақтардың уағызын тыңдап, екі-ақ аптада Сирияға соғысқа аттанып кеткен жастарды көргенмін. Бір жанұядан үш бірдей ұлы кетіп, жат жерде үшеуі де жер жастанғанынан да хабардармын. Олар кімдер? Олар – адасқандар. Оларды адастырмау үшін кішкентайынан бастап әке-шешесі дастархан басында, «Абай атаң иманның мынадай шарттары бар, Шәкәрім атаң дін жайында былай деген екен» деп салт-дәстүрмен ұштастыра отырып, баланы тәрбиелеу керек. Сөйтіп, баламыздың санасына Абай мен Шәкәрім сияқты ұлы ойшылдардың дүниесін сіңіріп, ой-санасын сүзгіден өткізген абзал болмақ.
Бірақ, біз ол үшін көбірек кітап оқып, ізденуіміз керек. Өкінішке қарай, біз кітап оқымаймыз, ізденбейміз, діни сауатымыз жоқтың қасы. Діни білім алу үшін арабтың, түріктің, я ағылшынның кітаптарын оқу шарт емес. Ол үшін кешегі өткен бабаларымыз –Шәкәрімнің «Мұсылманның шарты», Абайдың «Қара сөздері» сынды еңбектерін оқып түсінсеңіз, Мағжан Жұмабаев пен Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсынұлының жазған дүниелерін оқысаңыз жеткілікті. Одан артық ештеңе керек емес», – деп сөзін аяқтады.
БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап беріп, олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бірнеше күндік сабақтар өткізсе екен деген ұсынысын айтты. Бұдан кейін сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, phd докторы, теолог Расим Челидзе осындай жиын өткізген облыстық дін істері басқармасы мен облыстық ішкі саясат басқармасына алғыс айта отырып: «Менің әріптестерім өте керекті әрі нақты мағлұмат берді деп ойлаймын. Қазіргі заман ақпарат заманы екені рас. Сол ақпарат майданында журналистер қауымы асыл дінімізге септігі тиетін дүниелер жазса болар еді. Жоғарыда аталып өткендей, «Ислам дінін ұстанушы террорлар», «Ислам мемлекеті» деген дүниелер тек беріректе пайда болды. Олар саяси идеологияның құрбандары. Кейбір жандар бұны бизнес көзіне де айналдырып үлгерген. Сондықтан қалам ұстап жүрген жандар ненің ақ, ненің қара екенін ашық жазса, дұрыс болар еді. Және үнемі дін мамандарымен ақылдасып отырғаны құба-құп», – деген ұсынысын білдіріп, бірқатар діни мәселелер төңірегінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жиын соңында облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов семинар-тренингке қатыс-қан БАҚ өкілдеріне осы жиынға қатысқандығын растайтын куәландыру сертификатын табыстады.


Елдар Жақыпбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер