BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БАЛҒЫНДАР МӘЗ-МЕЙРАМ БОЛДЫ

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде “25 қайырымды іс: Сәбилерге ТУҒАН ЕЛ ШУАҒЫ” АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ қорғау күніне орай “Ерасыл” балалар бақшасында өтті. Шараны бақша меңгерушісі Қ.Охашева ашып, балаларды қорғау күнінің маңызына тоқталып, жас өрендерге жақсылықтар тіледі. Одан соң сөз алған Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі С. Медеубеков, ардагер ұстаздар А. Мамыралиев, Ж.Қазыбаевтар тәуелсіз елімізде балаларға жасалып жатқан қамқорлықтарды сөз ете отырып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Кезек ән мен биге келді. “Еркетай” тобы “ Теңізшілер”, “ Айгөлек” тобы “Тәжік”, “ Мадагаскар” билерін, “Құлыншақ” тобының мүшесі К. Ерғали испан биін биледі. Е. Мырзабаев “Ақ мамам”, А. Дидарбек “Балдырған” әндерін тамылжыта орындады. Акция аясында “Қош бол, сүйікті балабақшам!” атты ертеңгілік өтіп, даярлық тобының 15 өрені бақшамен қоштасты. Тәрбиешілер Д.Орынбаева, Ж.Байшекиева және Г. Үмбеталиевалар тәрбиелеген балғындар “Қуаныш” әнін хормен орындап қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Тәуелсіздік, Отан, балабақша, балалық шақ туралы тақпақтар айтып, жырларды мәнеріне келтіріп оқыды.Қонаққа келген Гүлдер ханшайымының сыйлығын қабыл алған балақайлар тақпақтар айтып, марапатқа ие болды. “Саяхатшы Дара мен Диего” атты көрініс көрсетілді. Балалардың мерейін өсірген мереке соңында балғындарға балмүздақ, тәттілер таратылды. “Қош бол, балабақша!” әні шырқалды.

Өз тілшіміз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер