BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аудан әкімдігінде

Жуырда аудан әкімі Б.Көшербайдың басшылығымен әкімдіктің кеңейітілген аппарат мәжілісі өтті. Онда «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы берілген жер телімдеріне келісім шарттардың толыққанды түзілгендігі», «Аудан аумағында өз мақсатында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салығын көбейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар», «Иесіз қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою және кенеге қарсы мал емдеу, қора жайларды залалсыздандыру» туралы аудан әкімінің орынбасары И.Түймебаев, «2016 жылдағы бес айдың қорытындысымен қаржының игерілуі», «2016жылғы мемлекеттік саттып алудың барысы», «Ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару қаржысын талдау» туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Түрымбекова, «Республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы жеке тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстардың қас- келбеттерін реттеу», «Шаян елді мекеніндегі заңсыз салынған құрылыс нысандарын реттеу жұмыстары» туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ж.Сұлтанбеков хабарламалар жасады. Талқылауға ұсынылған мәселелер бойынша қорытынды сөз сөйлеген аудан басшысы Б.Көшербай орындалған жұмыстармен қатар көптеген кемшіліктерге әлі де жол беріліп отырғандығына тиісті сала басшыларының назарын аудартып, әрбір белгіленген міндеттерді мерзімінде іске асыру жөнінде қатаң талаптар қойды.

Өз тілшімізден


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер