Солтүстік Қазақстанда мал мен құстарға арналған инновациялық жем қоспалары өндіріле бастады - Агро|16 Шілде 2018, 17:11
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Солтүстік Қазақстанда мал мен құстарға арналған инновациялық жем қоспалары өндіріле бастады

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында мал мен құстарға арналған инновациялық жем қоспалары өндіріле бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агнеттігі Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы Ақан-Барақ ауылындағы «Әсем»ШҚ-да ауыл шаруашылығы жануралары мен құстарға арналған инновациялық жем қоспаларының өндірісі іске қосылды. Бұл қожалық мал және өсімдік шарашылығымен айналысады.

«Әсем»ШҚ директоры Асан Атымтаев түсіндіріп кеткендей, қожалықтағы мал шаруашылығын сүт бағытына ауыстыру барысында жаңадан туылған бұзаулардың іштерінің жиі өтіп кету жағдайлары тіркелді.

«Таныстарымыз хлорелла суспензиясын өсіру аталған аурумен күресуге көмектесетінін айтты. Ол иммунитетті арттырады. Өзіндік құны 1 литрге 100-150теңге. Күніне бір бұзауға 2-3 литр жеткілікті. Құралдар мен техниканы Казань қаласынан алып келдік», - деді ол.

Директордың айтуынша суспензияны дайындау үшін су, жылу және жақсы жарық керек.

«Хлорелланы биореакторларда өсіреміз. Бұл малдың иммунитетін көтеретін жем қоспасы болып табылады. Ол ақуызға өте бай, құрамында микроэлементтер мен «Б» тобына жататын барлық дәрумендер бар. Біз вакцинадан кетіп, қосымшаға көшудеміз», - деп атап өтті А.Атымтаев.

Оның айтуынша, жаңадан ашылған чехта төрт адам жұмыс істейді. Бүгінде хлорелланы өсірумен айналысатын екі адам оқып біліктілігін арттыруда.

«Бұл жобаны жүзеге асыру үшін өткен жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 2,5 млн теңге көлемінде грант жеңіп алдық, ал жобаны жалпы жүзеге асыру үшін 3,5 млн теңге жұмсадық», - деді А.Атымтаев.

Бүгінде шаруашылықтабарлығы 40-тан астам адам жұмыс істейді. ШҚ-да 320 бас жылқы, 980 – қой мен 260 ІҚМ басы бар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер