BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

СҚО-да 5 млн тоннадан аса астық жиналды

Фото: интернеттен

Алматы, BAQ.KZ. Өңір диқандары қамбаға 5 млн 300 мың тонна астық құйған, енді майлы дақылдарды жинап жатыр. Бұл туралы 24 хабар телеарнасы хабарлады.

Биылғы науқанның басы қатты болып, арты тәтті болған. Егін піскен кезде жаңбыр жауып, артынан ауа райы ашылыпты. Ырыс дәнін ысырапсыз жинап алғандардың бірі – Александр Хитров, облыстағы ең жас шаруа. 26 жастағы жігіт биыл да мол өнім алғанын айтады.

«Бір алқаптан 45 центнерден астық алдық. Өткен жылы жерге көп қаржы құйдық. Бидайдың жаңа сұрыптарын ектік. Келер жылы майлы дақылдарға басымдық береміз. Оның шығымдылығы да, бағасы да жақсы», - деді шаруашылық басшысы Александр Хитров.

«Бидай берекелі», – дейді диқандар. Биыл гектарынан 19 центнер астық алынған. Күзгі жиын-терімге 8 мыңдай комбайн шығып, жұмыс істеген.

«Астықты шаруалар сатып жатыр. Өйткені былтырғыға қарағанда биыл бағасы жақсы деп санаймыз. Мысалы, арпаның бағасы сапасына қарай 45 мың теңгеден басталады. Ал бидайдың бағасы 50 мың теңгеден басталады», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қатыран Қарманов.

Өңірде 58 элеватор күні-түні жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда олардың жартысы астыққа толды. Осылайша даланы дүбірге бөлеген диқандар тағы бір еңбек майданын артта қалдырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер