СҚО егіншілері «Дала күнін» өткізді - Агро|23 Тамыз 2018, 21:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

СҚО егіншілері «Дала күнін» өткізді

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы мен «Атамекен-Агро» компаниясы бірлесе отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Корнеевка ауылындағы шаруашылықтаалғаш рет ғылыми-өндірістік тәжірибелер өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

22 тамызда өткен «Дала күні» шарасында орталықтың қызметкерлері мен жергілікті диқандардың атқарған жұмысының нәтижесі көрсетілді.

Бараев орталығының ғалымдары мен жергілікті диқандар осыған дейін шағын аумақтарда ғана тәжірибе жүргізген еді. Бұл жолы 500 гектар жерге жаздық бидай түрі егіліп, бүгінде мол өнім күтіліп отыр.Ең жақсы көрсеткіштерді 20-30 мамыр аралығында егілген орташа тұқымдар көрсетті. Жергілікті диқандардың алға қойған мақсаты мен міндеттері ауқымды. Бүгінгі күнге дейін олар гектарына 25 центнерден өнім алса, Бараев орталығының берген ұсыныстарын орындау арқылы гектарынан 40 центнер өнім алуға мүмкіндіктері бар.

«Дала күнінің» барысында шаруаларға кәдімгі қара топырақтар аймағында жоғары сапалы астық сапасын қамтамасыз ететін жаздық бидайды себудің оңтайлы мезгілін анықтау, жаздық бидайды өсіру кезінде азот пен фосфордың тиімді мөлшерін есептеп шығару, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС селекциясы мен басқа да ғылыми мекемелер шығарған жаздық бидайдың болашағы бар аудандастырылған сорттарын іріктеп алып, олардың бейімделгіштік қасиеті мен экологиялық тұрақтылығына баға беру, өңделген егістік жерлерге агрохимиялық зерттеулер жүргізу шаралары көрсетілді.

Сонымен қатар шаруалар егістік алқабына азотты тыңайтқыштар сеуіп, бидайдың өнімділігін арттырудың тиімді тәсілін тапты. Басты мақсат – өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, сапалы тұқым шығару.

Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есе арттыру туралы тапсырмасын орындауға бағытталған дейді ғалымдар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер