Павлодар облысында астықтың жартысы орылды - Агро|18 Қыркүйек 2018, 15:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодар облысында астықтың жартысы орылды

Фото: Автор

Ертіс өңірінің диқандары орақ науқанына жаппай кіріскеніне бірнеше апта болды. Биылғы жылы астық және көкөніс тұқымы 1 млн. 55 мың гектарға себіліп, өнім алынуда, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Мамандардың айтуынша, бұл былтырғы жылға қарағанда 50 мың гектарға артық көрсеткіш. Жалпы, жыл сайын егістік алқаптары жыл сайын ұлғайып отырады.

Облыстық ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дамир Елеусіздің мәліметінше, дәнді-дақылдар 700 мың гектардан астам алқапқа егілді.

«Бүгінгі күні тең жартысынан өнім алынып, 401 мың тонна бидай жиналды. Өңірде астықты қабылдау, кептіру және тазалау орындары сақадай сай. Барлығы 10-нан астам элеватор жұмыс істеп тұр және астық қабылдауға дайын. Ауа райы қолайлы кезде жаппай жиын-теріп жүріп жатыр. картоп жинау және мал азығын әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Өнімділік республикалық көрсеткіштен біршама артық. Мәселен, бір гектардан картоптың өнімділігі 274 тоннаны құраса, бір гектер жерден көкністің 368 центнері жиналды. Қысқы арналған жем-шөп жоспардан 30%-ға асыра орындалды. Қазіргі уақытта 1 млн. 170 мың тонна шөп дайындалды», - дейді Дамир Елеусіз.

Бүгінгі күні астықтың орташа өнімділігі гектарынан 8 цнетнерді құрап отыр. Бұл былтырғы жылға қарағанда бір центнерге артық.

Ауылшаурашылық ведомство мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, мал азығы 1 млн. 450 мың гектар жерде шабылып, 1170 тонна пішен дайындалды.

Айта кетейік, облыста күзгі дала жұмыстарына арзандатылған дизельдің 21 мың тоннасы бөлінді. Шаруалар төлемдерін уақытында жүргізіп, қажеттілікке қарай тасымалдап алған. Мамандардың есептеуінше, күзгі жиын-терім қазан айының ортасында толық аяқталуы тиіс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер