BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар Тайжан бірыңғай аграрлық салықты бекітуді ұсынды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін «Қазмедиа Орталығында» Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен агроөнеркәсіп кешені форумының алғашқы күні өтті.

Форум аясында ауылдағы үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) дамыту мәселелері бойынша «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік, диалог және жауапкершілік» атты республикалық конференция ұйымдастырылды.

Сондай-ақ шара аясында ауылдық ҮЕҰ Коалицияның құрылтай конференциясы мен тұқым өсіру шаруашылығын дамыту бойынша диалог алаңы өтті. Аталғандармен қоса агроөнеркәсіп кешенінің салалық, аймақтық және инфрақұрылымдық бағдарламалары, аграрлық ғылым мен бизнесті біріктіру бойынша бірқатар сессиялар ұйымдастырылды. Жерді тиімді пайдалану бойынша сессияда модератор ретінде Мұхтар Тайжан сөз сөйледі.

Қоғам белсенділерінің бастамашыл тобының атынан сөз сөйлеген ол тек Қазақстан тұрғындары үшін жекеменшік мүлік институтының орнына жалға алу институтын енгізуді, бірыңғай аграрлық салықты орнатып, жерді жерсерік арқылы бақылауды заңдастыруды ұсынды.

Жиналғандар оны толық қолдады. Шараны қорытындылай келе, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Бисенғалиев ҚР Жер кодексіне енгізіліп отырған түзетулер қоғам белсенділерінің қатысуымен және жазылған шараларды кезең-кезеңмен іске асыруы арқылы өтетінін айтты.

Сонымен қатар, бүгін Астанада «KazAgro/KazFarm-2018» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды. Үш күнге жалғасатын шараға қазақстандық және шетелдік 300-ге жуық компания қатысып отыр


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер