Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтындардың тізіміне 12 кәсіпорын қосылды - Агро|22 Тамыз 2018, 18:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтындардың тізіміне 12 кәсіпорын қосылды

Фото: ҚР АШМ

Ағымдағы жылы тамыз айында ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардың тізіміне 12 кәсіпорын жаңадан қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлағандай, оның ішінде Қостанай облысынан 4 кәсіпорын, Солтүстік Қазақстан облысынан – 1, Астанадан – 1 барлығы алты кәсіпорын Қытайға бидай кебегін экспорттау құқығына ие болды.

Реестрде бидай кебегін экспорттайтын барлығы 9 қазақстандық кәсіпорын бар.

Алматы облысынан -3 , Қостанай облысынан (1), Астанадан (1) және Алматыдан (1) алты кәсіпорын Қытайға соя бұршақтарын экспорттау құқығын алды.

Соя бұршақтарын экспорттайтын 7 қазақстандық кәсіпорын реестрде бар. (тізім қосымша беріліп отыр)

3-14 қыркүйек аралығында ҚХР Бас кедендік басқармасы инспекциясы тарапынан арпа және жүгері өсіріп өңдейтін, бидайды өңдеп сақтайтын 14 элеваторларға тексеру жоспарлануда.

Инспекцияға Алматы облысынан 4 кәсіпорынға (жүгері бойынша), ШҚО-дан 3 кәсіпорын (1 кәсіпорын арпа, 2 кәсіпорын бидай элеваторы), Павлодар облысынан 2 кәсіпорын (1 кәсіпорын жүгері мен арпа, 1 бидай элеваторы), Ақтөбе облысы бойынша 3 кәсіпорын (1 кәсіпорын арпа бойынша, 2 бидай элеваторы), Қостанай облысынан 1 кәсіпорын (арпа), СҚО-дан 6 кәсіпорын (5 арпа бойынша, 1 кәсіпорын бидай мен жүгері) жүргізіледі деп күтілуде.

Қазіргі уақытта 67 элеватор Қостанай облысынан (18), Ақмола облысынан (34),и Солтүстік Қазақстан облысы (15) ҚХР-дың реестріне енгізілді. Инспекция жұмысының қорытындысы бойынша бұрын ҚХР-ге астық тасымалданбаған Қазақстанның 5 облысының элеваторларын тізімге қосу күтілуде.

ҚХР әкімшілік реформаларының аяқталуына байланысты (мемлекеттік органдардың ҚХР-ны БКБ-ға тапсыру функциялары) тамыз айында Қазақстан Республикасының ет өңдеу кәсіпорындарын тексеру күні қыркүйектің екінші жартысына ауыстырылды.

ҚР-дың 9 облысынан инспекция жүргізуге 24 сұраныс түсті, бірақ инспекция 5-6 кәсіпорынды тексеретін болады. Сондықтан, ҚХР-дың Бас кеден басқармасымен бірігіп кәсіпорындардан келіп түсетін барлық өтініштер бойынша инспекция жүргізілу кестесі әзірленуде. Қазақстандық балық өнімдерін өңдейтін 60 кәсіпорын ҚХР-дің реестріне енгізілген болатын.

Сонымен қатар, ҚХР Реестріне қой етін өңдейтін 5 кәсіпорын қосылған болатын.

Барлығы 160 қазақстандық кәсіпорын ҚХР Реестріне енгізілді, инспекция жұмысы қорытындысы бойынша 45 кәсіпорын реестрге енгізіледі деп күтілуде.

Үшінші елдер Реестріне барлығы 178 қазақстандық кәсіпорын кірді. (ЕЭО қоспағанда)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер