Қытайға 200 мың тонна дәнді-дақыл мен 100 мың тонна майлы дақыл экспортталады   - Агро|11 Шілде 2017, 14:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайға 200 мың тонна дәнді-дақыл мен 100 мың тонна майлы дақыл экспортталады  

Фото: Today.kz

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты, деді Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қазақстан-Қытай аграрлық форумында.

«Форум барысында АӨК-ке 160 млн доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі аргарлық ынтымақтастық аясында «Үлгілік аймақ» құру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты. «Үлгілік аймақ» кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы саласында жаңа инновацияны енгізетін болады. Аталған жоба «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында жүзеге асырылады»,- деп атап өтті А.Мырзахметов.

Форум шеңберінде Қытай еліне қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша «Азық түлік корпорациясы» АҚ Ұлттық компаниясымен бірнеше келісімге қол қойылды: Xi'an Aijugrain & Oil Industry Group Co Ltd компаниясы арасында дәнді дақылдар мен майлы дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім, Zhongxinjian LLC компаниясы арасында сауда-саттық бойынша меморандум, Xinjiang Zhaofenghe Bio-technology Co компаниясы арасында дәнді дақылдар саудасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім.

Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мың тонна дәнді-дақыл және 100 мың тонна майлы дақылдарды экспорттауға сонымен қоса, аталған дәнді-дақыл түрлерін шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.

Форумда тағы бір қол қойылған Меморандум "Жаннур-Астана Групп" ЖШС мен Қытайдың «Тиньян Иньхай провинции Хэнань» тұқым өндіру компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жөнінде болды. Аталған Келісім ҚР аумағында дәнді-дақылдарды өңдеудің оның ішінде тұқым шаруашылығында технологияны трансферттеудің толық циклын жасайды.

«Қазіргі таңда бұрын қол қойылған Келісімдер бойынша рапс майын, сүт, ет, қызанақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша біріккен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Citic Group компаниясымен жүргізген ынтымақтастық барысында бидай және бидайдың сабанын өңдеу бойынша екі үлкен жоба іске асырылып жатыр.Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Қытайдың XISEN компаниясы арасында картоп өсіретін тәжірибелік демонстративті стационар құру бойынша Келісімге және осы университетпен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында біріккен агротехпарк құру жөнінде Келісімге қол қойылды», - деді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, биылғы маусым айында Астана қаласында өткен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен болған кездесу барысында да Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу және инвестиция тарту маңыздылығы бірнеше рет айрықша аталып өткен болатын. Осы жылдың ақпан айында қабылданған ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы барысында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу бойынша екіжақты ынтымақтастық жұмыстарын жүргізу жалғасын табуда.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан-Қытай инвестициялық аграрлық форумы өтті. Шара барысында АӨК-ке 160 млн доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды.

strategy2050.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер