BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақстандық аграрлық сараптама» акционерлік қоғамы аукционға шығарылды

«Қазақстандық аграрлық сараптама» жекешелендірудің екінші толқыны аясында аукционға қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Компанияны кейін сатып алу мүмкіндігімен сенімділік басқармасына береді.

Лоттың бастапқы бағасы – 1,5 млрд теңге. Кепілдік төлемі 230,4 млн теңгені құрайды. 2017 жылдың 25 желтоқсанында «РОСТ-сервис» компаниясының деректеріне сәйкес, компанияның бағалану құны – 1,5 млрд теңге.

Аукцион 2018 жылғы 17 сәуірде сағат 10: 00-де өтеді.

Тендердің жеңімпазы бес жыл ішінде компанияның жарғысына сәйкес профиль мен қызмет түрін, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде ауылшаруашылық дақылдарының тұқым сапасын сараптауға арналған филиалдар мен зертханалардың қолданыстағы желісін сақтауға міндеттеледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер