Қазақстанда ірі қара мен түйе саны артты - Агро|22 Тамыз 2018, 10:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда ірі қара мен түйе саны артты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы мен түйе саны 6%, жылқы 7% артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,3 триллион теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5% артық. Инфляцияны есепке алатын болсақ баға өсімі 3,5% құрады.

Өндірілген өнімнің үштен бір бөлігімен немесе 32% негізгі оңтүстік өңірлер – Алматы мен Түркістан облыстары қамтамасыз етті.

Маусымдық кезеңді есепке алатын болсақ, АӨК жалпы өндіріс көлемінің 87,2% мал шаруашылығы құрады - 1,1 трлн теңге, +13,6% (физикалық көлемның өсімі - 4,1%).

Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы облысы (185,5 млрд теңге) мен ШҚО (153,6 млрд теңге) тіркелді.

Ал, физикалық көлемнің ең көп өсімі Маңғыстау (өткен жылмен салыстырғанда өсім +5,8%), Ақтөбе (+5,4%) мен Қостанай (+5,2%) облыстарында тіркелді.

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің артуына бірнеше себеп бар. Атап айтқанда, сүт өндірісі 6,5%, барлық ет түрінің өндірісі 4,9%, жұмыртқа 0,9% артты. Ал, Ақтөбе облысындағы өсімге жұмыртқа өндірісінің 27,9%, барлық ет түрінің 5,8%, сиыр сүті өндірісінің 3,9% артуы себеп болды. Сонымен Маңғыстау облысындағы өсімге де жұмыртқа өндірісінің 2,1 есе артуы, барлық ет түрінің өндірісі 8,3%, сиыр сүтінің өндірісі 6,9% өсуі себеп болған.

Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы мал басы мен құстың саны артқаны байқалады. Сонымен, бір жылда жылқы саны 6,6% артыпғ, 1 тамыздағы жағдай бойынша 2,7 млн басты құрады. ал, ірі қара мал басы 7,8 млн жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,4% көбейген. Бұдан басқа, түйе саны да артқан - 211 мың бас. Ал, үй құстарының саны 7% артып, 44,8 млн құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер