Қазақстанда бидай экспорты ұлғайды  - Агро|04 Тамыз 2018, 16:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда бидай экспорты ұлғайды 

Қазақстан шетелге бидай сату көлемін арттырып, бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1,5 есеге өскен, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

2018 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан шетелге 2,5 млн тонна бидай экспорттаған. Бұл жөнінде статистика және мемлекеттік кірістер комитетіндегі мәліметтер дәлел болып отыр.

Ал өткен жылдың балама кезеңінде қазақстандық бидай басқа елдерге 1,6 млн тонна көлемінде жөнелтілген болатын.

Осылайша, қазақстандық бидай экспорты есепті кезеңдерде 1,5 есеге ұлғайған.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарлағандай, 2018 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы бидай экспорты 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 82% артқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер