Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты - Агро|14 Тамыз 2018, 08:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

Фото: ашық дереккөзден

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында еліміздегі ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1309,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 3,5 пайыз көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, аталған кезеңде мал шаруашылығы бойынша өнім көлемі - 1131,2 млрд (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 4,1 пайыз), өсімдік шаруашылығында өнім - 163,6 млрд теңгені құрады.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер көлемі 2,1 млрд теңге болды. Аңшылық шаруашылығындағы қызметтер - 0,5 млрд, орман шаруашылығында - 7,7 млрд, балық аулау мен аквамәдениетте - 4,6 млрд теңгені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер