BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан жыл басынан бері 50 мың тоннадан аса күріш экспорттаған

2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстан 55, 6 тонна күріш экспорттап 14, 7 млн доллар табыс тапқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Күріштің басым бөлігі көрші Ресей еліне сатылған. Бұл ел 19.9 мың тонна өнімді 4, 5 млн долларға сатып алған.

Сондай-ақ Тәжікстан 3, 4 млн долларға 14, 9 мың тонна, Украина 2, 1 млн долларға 6, 2 мың тонна, Әзербайжан 6 мың тонна күрішті 2, 8 млн долларға алған.

Өз кезегінде Моңғолия 1, 6 мың тонна (934 мың доллар), Ауғанстан 1 мың тонна (279 мың доллар), Қырғызстан 1, 1 мың тонна (285, 9 мың долларға) күріш алған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер