Қазақстан аумағына қанша ет кіргізуге болады?  - Агро|05 Қыркүйек 2018, 10:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан аумағына қанша ет кіргізуге болады? 

Қазақстан тарифтік квоталар аясында елге 161 мың тоннадан аспайтын ірі қара мал мен құс етін кіргізе алады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Еуразия экономикалық комиссиясына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, елге 21 мың тонна ірі қара мал еті мен 140 мың тонна құс етін импорттауға рұқсат етілді. Мқндай көлем Дүниежүзілік сауда ұйымының тарифтік мінеттемелерімен қарастырылған.

Салыстыру үшін айта кетсек, Ресейге 570 мың ірі қара мал еті мен 364 құс етін әкелуге рұқсат берілген.

Статистика мәліметтері бойынша, 2018 жылдың жеті айында Қазақстан 12 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдерін экспорттаған. Яғни, бұл 7,3 мың тонна ірі қара мал еті мен 4,7 мың тонна құс еті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер