BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды Қытайға қой етін экспорттай бастады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды, BAQ.KZ. Қарағанды облысынан Қытай Халық Республикасына 20 тонна мұздатылған қой етінің бірінші топтамасы жіберілді. Келісім бойынша, келешекте ет жіберу жалғасатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлады.

Экспорт «Арай kz» ет өңдеу компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорын неміс теxнологиясы бойынша жабдықталған және еуростандарттарға сай келетін мал сою құрылғылары болғандықтан таңдалған. 1200 бас малды Ақтоғай және Жаңаарқа аудандарының шаруа қожалықтары ұсынды.

"Қарағандылық мал өсірушілер үшін Қытай нарығы ашылып отыр. Облысымыз осы елге мұздатылған қой етін экспорттауды бастады. Сату нарығын кеңейту аймағымыздағы қой өсіру саласын дамытуға түрткі болады. Сіздер білесіздер, Елбасымен алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге дейін ұлғайту міндеті қойылды. Ел Президентінің ағымдағы жылы маусымда Қытайға сапары барысында осы елге қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру бойынша келіссөз жүргізілген болатын", - дейді облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров.

Оның айтуынша, болашақта қой етін жеткізу жұмыстарына аймағымыздың 200 жуық шаруа қожалықтары жұмылдырылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік мәселелерді шешуге көмектескен, оның ішінде ветеринария саласында да.
Қытайға етті теміржол арқылы жеткізеді.

"Талаптар өте қатаң болды. Бір жыл бұрын біздің технологиямызды тексеру үшін комиссия келді. Қарашаның соңына дейін біз Қытайға 300 тонна қой етін және дәл сондай көлемде желтоқсан айында да жіберуіміз керек", - деп мәлімдеді «Арай kz» ЖШС құрылтайшысы Жанболат Жақауов.

Қытайлық компанияның өкілі қазақстандық үкіметке жасыл дәліз ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

"Ең бастысы – екі ел басшылығының келісімі дар. Ал бизнесмендер жеткізу мәселесін шешуде. Инфекциялық талаптар шеңберінде Қытай және Қазақстанның ауыл шаруашылық министрліктерімен ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда барлық мәселелер шешілді, жәнеде біз әріптестігімізді бастадық", - дейді Синьцзян импорттық-экспорттық компаниясының өкілі Ён Джипин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер