Кабулда Қазақстан мен Ауғанстан бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті - Агро|25 Шілде 2018, 16:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Кабулда Қазақстан мен Ауғанстан бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті

2018 жылдың 17 шілдесінде Кабул қаласы (Ауғанстан Ислам Республикасы) Kabul Star отелінде Қазақстан мен Ауғанстан бизнес өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық жиын өткізілді. Жиынды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шараға Ауғанстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Энергетика және су ресурстары вице-министрі қатысып, ресми делегацияны Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Елшісі Э.Есенгелдиев басқарды.

Қазақстанның іскерлік делегациясы өнеркәсіптің келесі салаларын ұсынды: азық-түлік, энергетика, құрылыс және монтаждау, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсету салаларында жұмыс істеді. Ауғанстан тарапынан тиісті салаларға 40-тан астам компания қатысты. Атап айтқанда, ауғандық компаниялар Қазақстанда шығарылған жұмыртқаларды, теміржол металл конструкцияларын, макарон өнімдерін және басқа да тауарларды импорттауға мүдделі.

Қазіргі уақытта Қазақстан ауған нарығына 9,7 миллион тауық жұмыртқасын экспорттайды. Биылғы жылдың тамыз айында тауық жұмыртқасының 32% -ын «Жас-Қанат 2006» ЖШС-не жеткізу жоспарланып отыр. Бұл сауда-экономикалық жиында бизнес сектор Қазақстанда өндірілген тауық жұмыртқасына қызығушылық танытты. Сауданың бұл түрі бойынша тамыз айының соңына дейін жаңа келісімшарттар күтілуде. Сонымен қатар, ауған тарабы Қазақстанда шығарылатын рельстерді, атап айтқанда, Ақтөбе теміржол белдеуі зауытының рельстерін сатып алуға қызығушылық танытуда. Биылғы жылы Ауғанстан Республиканың солтүстік бөлігінен орталық бөлігіне дейін 2000 шақырымнан астам теміржол салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ынтымақтастық және келешек жеткізу көлемі бойынша келіссөздер жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер