BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Фитосанитарлық құжаттары жоқ экспорттаушылардың өнімі қайтарылды – АШМ

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ауыл шарушалығы министрлігі фитосанитарлық құжаттары жоқ бірқатар өнім тасымалдаушыға айыппұл салынып, тауар экспорттаушы елге қайтарылғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«2018 жылғы 1 қазан күні Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының «Уба» кеден бекетінде Ресей Федерациясының Алтай аймағы, Барнаул қаласынан Қазақстан Республикасының ШҚО Өскемен қаласына (алушы ЖК И.М. Мельникова) келген (мем. номері E 873 TY 154) “VOLVO” 17 тонна картоп тиеген жүк көлігіне тексеру жүргізіліп, жүктің фитосанитариялық қаупі жоғары карантиндік өнімі фитосанитариялық сертикаты жоқ екендігі анықталды. Тасымалдаушы А.И. Кирилинге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, карантиндік өнім экспорттаушы елге кері қайтарылды», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Бұдан басқа, тағы бір тасымалдаушыға айыппұл салынып, тауар экспорттаушы елге қайта қайтарылған.

«2018 жылғы 1 қазанда «Ауыл» кедендік бекетінде «DAF» ( мем.номері Т 3964 О/ 253 ТВ) Ресей Федерациясының Қырғыз Республикасының Шу облысы Садовое ауылына Қазақстан Республикасы арқылы өтіп бара жатқан жүк көлігін тексеру барысында 20 тонна күнбағыс карантиндік өнімінің фитосанитариялық сертификаты жоқ болуына байланысты карантиндік өнім тасымалдаушы С.В. Малышевке 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, тауар экспорттаушы елге кері қайтарылды», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер