Елімізде ауыл шаруашылығы өнімі қымбаттады - Агро|08 Қазан 2018, 17:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімі қымбаттады

Елімізде ағымдағы жылғы қыркүйекте 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 1,2%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 2,2%-ға қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі 0,7%-ға арзандады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 4,4%, сұлыға - 4,3%, қара бидайға - 3,9%, жүгеріге 3,4%, күрішке - 2,9%, арпаға - 0,8%-ға өсті, ал қарақұмыққа 9,3%-ға төмендеді.

Қырыққабат 1,8%, асханалық қызылша - 0,5%-ға қымбаттады, ал картоп 8,3%, басты пияз - 5,4%, асханалық сәбіз - 5%, ашық топырақтың қызанақтары - 4,9%, ашық топырақтың қиярлары - 2,4%-ға арзандады. Баға бақша дақылдарына 6,3%, жүзімге - 5,8%, күнбағыс тұқымына - 2,2%-ға өсті, ал жеміс және жидектерге 9%-ға төмендеді.

Ірі қара мал еті 3,4%, жылқы еті - 2,7%-ға, қой және шошқа еті - 1,7%-дан қымбаттады, ал құс еті 9,5%-ға арзандады. Баға жұмыртқаға 12,3%-ға төмендеді, ал шикі сүтке 1,2%, балға - 0,5%-ға өсті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер