BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміз бойынша 250 мың гектар жердің топырағы бүлінген – академик

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Топырақтардың құрамы нашарлап, оның құрамында ауыр металдар көбейіп жатыр, яғни радиактивті элементтер басым. Бұл туралы Қазақстан топырақтану қоғамының президенті Абдулла Сапаров Алматыда өтіп жатқан топырақтану бойынша Х халықаралық конгрессте айтты.

Оның айтуынша, топырақтардың құрамының нашарлауы көбінде зауыт, өндіріс орындары көптеп орналасқан жерде орын алуда. Егер топырақтың құрамындағы ауыр металдар, яғни радиактивті элементтер көбейетін болса ол топырақтан өсімдік, дақылдарға ауысып, соңында адам азғасына зиян тигізеді екен.

«Соны тоқтату үшін біздің ғалымдар әртүрлі деңгейде технологияларды жасап жатыр. Оларды өндіріске кеңінен енгізетін болсақ бұл экологияның жақсаруына қосқан үлесіміз болар еді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Екібастұздың төңірегінде ауыр металдар мен радиактивті элементтер топыраққа көптеп түсуде. Соның алдын алу үшін шаралар қолдану керек. Оның негізінде заңдар қабылдану қажет. Қазір бүлінген жерлеріміздің көлемі 250 мың гектар, оның 50-60 мыңы ғана оңтайландырылды. Оның барлығын біз ауыл шаруашылығының ауыспалы егісіне енгізуіміз керек. Бұрын пайдаланылмаған жерлерді пайдаға асырудың жолдарын табуымыз керек. Сонда ғана ластанған топырақты жерлердің көлемін азайтамыз», - дейді академик А. Сапаров.

Алматыда өтіп жатқан топырақтану бойынша Х халықаралық конгресске 26 елден 150 жуық ғалымдар қатысуда. Оның қатарында халықаралық топырақтану ұйымының президенті де бар. Жиын барысында топырақ құрамының нашарлауы, оның құнарлығын арттыру жолдары талқылануда.

А. Сапаров әлем бойынша топырақтың 70 пайызы деградацияға ұшырағанын және опырақты қорғау туралы немесе құнарлығын арттыру сияқты заң қабылдау қажеттігін айтып өтті.

«Онсыз ары қарай жұмыс істеу қиындау, сондықтан жерді қорғау туралы заң немесе мемлекеттік бағдарлама қабылдану қажет. Негізгі мақсат ауыл шаруашылығына арналған жерлердің құнарлығын сақтау, оны ары қарай жаңғырту мәселесі. Сондықтан әр елден келген ғалымдар бүгін осы тақырып бойынша ой түйістіріп, осыдан шығатын тиімді жол көрсетеді деген ойдамын», - дейді ол.

Канаданың Саскачеван университетінің профессоры Ахмет Мермут су және жер ресурстары болашақта үлкен маңызға ие болатындығын айтады.

«Адамның денсаулығының мықты болуы жақсы әрі сапалы тамақтануға байланысты. Қазір адамзат энергия көздерін табу жолында еңбектенуде, яғни биоресурстар арқылы өндіруге күш салуда. Барлық өсімдіктер күннен энергия алады. Менің ойымша ауыл шаруашылық өнімдерін өз жерімізде көптеп өсіру арқылы энергетиканы енгізуіміз қажет», -дейді шетелдік профессор.

Фотолар: автордан


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер