BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Экспресс-лизинг»: шаруаларға 100 млн теңге кепілсіз береді

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында жаңа «Экспресс-лизинг» қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

19 қыркүйектен баста бағдарлама өсімдік шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизинг заттарын беруді жеделдету мақсатында әзірленген болатын.

Бағдарламаның шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасы мен арнаулы техниканы, көлік құралдарын алуға тапсырылатын 100 млн. теңгеден аспайтын мөлшердегі өтінімдер қаралады. Өтінім қарау және шешім шығару 7 жұмыс күнге дейін қаралады.

Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне техниканы табысын растаусыз, кепілзатпен қамтамасыз етусіз және қосымша комиссияларды төлеусіз барынша қысқа мерзімде сатып алуға мүмкіндік береді. Клиенттен қаржылық есептілікті, бизнес-жоспарды, банктердің алдындағы берешегі туралы және салықтар туралы анықтамаларды тапсыру талап етілмейді. Қаржыландырудың ең ұзақ мерзімі – 10 жылға дейін, аванс төлемінің сомасы – 25%.

Бағдарламаның шеңберінде 10% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде және инвестициялық субсидиялар алу арқылы техника сатып алуға жұмсалған шығыстардың бір бөлігін өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шаралары да жүзеге асырылатын болады.

Анықтама:

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер