Дәнді дақылдар өндірісі бір жылда 17% артты - Агро|24 Тамыз 2018, 10:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Дәнді дақылдар өндірісі бір жылда 17% артты

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде осыдан бір жыл бұрын ең қымбат дәнді дақыл қарақұмық болған. Алайда бүгінде жағдай мүлдем өзгерген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, шілде айының қорытындысы бойынша қарақұмықтың бір келісі 256,5 теңге тұрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,7% арзан. Нәтижесінде ең қымбат ботқа сұлу жармасынан жасалған ботқа болып шықты, оның бір келісі 317 теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 6,5% қымбаттады.

Тарының келісі 215,9 теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4% қымбат, ұнтақ жармасының келісі 214,1 теңгені құрады немесе +0,6% қымбаттады. Ең арзан жарма арпа, оның келісі 169,3 теңгені құрап, құны 2,6% өсті.

Қазақстан бойынша күріштің орташа бағасы келісі үшін 298,5 теңгені құрады немесе бір жылда бағасы 4,4% артты.

ҚР-да 7 айдың қорытындысы бойынша 46,2 мың тонна жарма мен ұн және 103,4 тонна күріш өндірілді.

Жалпы, қазақстандық өндірушілер ішкі сұранысты сенімді түрде жауып келеді және экспорттық әлеуетті де өсіруде. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өндіріс сектордағы сұранысты 95,9% қанағаттандырды, сонымен қатар импорт көлеміде шамалы артты - 4,6%.

Осы ретте, сыртқы нарықтарға жеткізілім ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында бірден 26,4% артты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер