Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу кестесі жарияланды - Агро|25 Шілде 2018, 17:28
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу кестесі жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Аймақтардың қатысуымен өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі 2018 жылдың 4 тамызына дейін тоқтатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының әкімдігі осы жылдың 23-24 маусымында Астана қаласы Қ. Мұңайтпасова көшесі № 7 мекен-жайы бойынша: («Қазақстан» СК тұрақ алаңы) аймақтарда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің дәстүрлі маусымы басталған еді.

Республиканың өңірлерінде ұзаққа созылған суық ауа райы мен тұрақсыз ауа райы жағдайына байланысты ауылшаруашылық өнімдерін отырғызу және өсіруге арналған іс-шаралар әлі күнге дейін жалғасуда.

Осыған орай аймақтардың қатысуымен апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі 2018 жылдың 4 тамызына дейін тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы өңірлерінің қатысуымен 2018 жылдың маусымынан қазанға дейін өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінің тізімі

№ р/н

Өтетін күні

Аймақ

1.

23-24 маусым

Түркістан облысы

2.

30 маусым - 1 шілде

Қарағанды облысы

3.

7-8 шілде

Түркістан облысы

4.

4-5 тамыз

Жамбыл облысы

5.

11-12 тамыз

Түркістан облысы

6.

18-19 тамыз

Батыс Қазақстан облысы

7.

25-26 тамыз

Атырау және Алматы облыстары

8.

1-2 қыркүйек

Қостанай облысы

9.

8-9 қыркүйек

Павлодар облысы

10.

15-16 қыркүйек

Түркістан облысы

11.

22-23 қыркүйек

Ақтөбе облысы

12.

29-30 қыркүйек

Шығыс Қазақстан облысы

13.

6-7 қазан

Қызылорда облысы

14.

13-14 қазан

Павлодар облысы

15.

20-21 қазан

Солтүстік Қазақстан облысы

16.

27-28 қазан

Ақмола облысы

Сонымен қатар, 31 маусымнан бастап Есіл ауданының аумағы Сауран көшесі 7 мекен-жайында Астана қаласының әкімдігі қала кәсіпкерлері мен Целиноград ауданының тауар өндірушілерінің қатысумен ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыруда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер