АШМ парламентте қаралып жатқан Жер туралы заңның нақты міндетін атады - Агро|12 Қыркүйек 2017, 17:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

АШМ парламентте қаралып жатқан Жер туралы заңның нақты міндетін атады

2016 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер саласында туындаған мәселелерді зерделеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеді. Комиссия мүшелерімен ауыл шаруашылық жерлерін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жалға беру институтын сақтап, оны дамытуға және Жер кодексіне енгізілген мораторийдің мерзімін 5 жылға ұзарту туралы ұсыныс берілген болатын. Бүгін осы мәселеге қатысты Жер Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қызу қоғамдық пікір туғызған мәселелер бойынша қолданыстағы мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып ауылшаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беруді тоқтата тұратын өзгерістер енгізілді.

«Мораторий кезіңде ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалы жағдайы, олардың пайдаланылуы, меншік иелелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасын құруға бағытталған ревизия және топырақтық, геоботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Олардың негізінде топырақтық және геоботаникалық электрондық карталар құру, есептік кварталдардың электронды жер-кадастрлық карталарын жасау қамтамасыз етіледі. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін 32,8 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр» - деді ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев.

Сонымен қатар ол Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстарға тоқталды.

«Ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру институтын сақтау және оны жетілдіру; Жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті мөлшерін белгілеу; Шекара маңынан ауыл шаруашылығы жерлерін беруге қойылатын талаптарды күшейту; Халыққа қажетті жайылымдық жерлердің көлемін анықтау; Жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызу қаратлы 5 түрлі ұсыныс қабылданды. Бүгінгі күнге, Парламент Мәжілісінде қаралып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы осы мәселелерді заңнамалық тұрғыдан бекітуді қарастырады» - деді Ауылшаруашылық министрлігінің өкілі.

Сондай-ақ Еркебұлан Дауылбаевтың айтуына қарағанда Заң жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру институтын сақтай отырып, жерлерді конкурстық негізде берудің жеке тәртібін белгілеуді көздейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер