BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АШМ мен "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" меморандум бекітті 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ынтымақтастық туралы меморандум бекітті.

Елордада өтіп жатқан "Astana AgroForum 2018" шарасында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ арасында өзара түсіністік, əріптестік жəне ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Құжатқа АШМ вице-министрі Берік Бейсенғалиев пен "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ вице-президенті Мұсағали Дуамбеков қол қойды.

Меморандум мақсаты - министрлік міндеттеріне азаматтық қоғамның қатысуы негізінде мемлекеттік саясатты тиімді түрде қалыптастыру. Сондай-ақ, ауылдық аймақтардағы əлеуметтік ортаны жаңғырту жəне ауылдағы адам еңбегінің жоғарғы мәртебесін қоғаммен мойындату.

Бұл қадам жыл сайынғы Елбасы Жолдауындағы "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасы аясындағы тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіруге бағытталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер