Арал маңындағы АӨК-ке 7 млрд теңгенің 7 жобасы енгізіледі - Агро|18 Шілде 2018, 21:21
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Арал маңындағы АӨК-ке 7 млрд теңгенің 7 жобасы енгізіледі

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ағымдағы жылы Арал маңындағы агроөндірістік кешенге 7 млрд теңгенің 7 жобасы енгізіледі. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясының отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында аграрлық саланың алдына еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өндірілген өнім экспортын ұлғайту - 2 стратегиялық міндетті қойғанын аймақ басшысы еске салды. Бұл, өз кезегінде, аграрлық саланы жаңа деңгейге көтеруге, ауылдық жерлерді дамытуға серпін беріп, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға жету үшін біз Агрокартаны іске асыруда 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледік және мақұлдадық. Жалпы, осы іс-шара аясында ағымдағы жылы 7 млрд теңгеден астам сомаға 10 инвестициялық жоба іске қосылады», - деді Қ.Көшербаев .

Сонымен қатар, әкімнің айуынша, жалпы, мал шарушылығын дамыту үшін соңғы жарты жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы облыста 105 кооперативтің құрылуы 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт фермасы жасақталуына жағдай жасады.

Сондай-ақ аймақта құс шаруашылығы даму үстінде. Былтыр Шиелі ауданында жұмыртқа өндірісін дамыту мақсатында алғашқы құс фабрикасы салынды. Сонымен қатар , өткен жылы тағы екі құс фабрикасы ашылды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 айында құс саны 36 %-ға, ал жұмыртқа өндіру 45%-ға артты.

«Ағымдағы жылы Қармақшы ауданында «Байқоңыр» ӘКК-мен жылына қуаттылығы 1500 тонна ет өндіретін тағы бір құс фабрикасының құрылысы басталды. Осылайша, 2019 жылы жұмыртқалардың қолданыстағы 5,5% -дан 22,7% -ға дейін, құс еті 0,7% -дан 46,8% -ға дейін өсуі жоспарлануда», - деп түйіндеді Қ.Көшербаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер