АӨК саласына осы жылы 136 млн доллар инвестиция тартылды - Агро|03 Шілде 2018, 18:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

АӨК саласына осы жылы 136 млн доллар инвестиция тартылды

Фото: ҚР АШМ

АӨК саласына осы жылдың 1 тоқсанында 136 млн доллар инвестиция тартылды. Бұл туралы «Kazakhstan Global Investment Roundtable» дөңгелек үстел аясында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған отырыста трансұлттық компаниялар (Cedar Meats, Agriprotein Technologies, Phoenix Global DMCC, Green Island), Дүниежүзілік банк және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа Жібек жолының азық-түлік қауіпсіздігін талқылады.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев инвесторларға Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі мол мүмкіндіктерді таныстырды.

Оның айтуынша, қазір экспорттық мүмкіндіктерді арттыру жұмыстары жүргізілуде.

«Осылайша, Иранға тірі қойларды, мұздатылған және салқындатылған қойларды жеткізу үшін кедергілер жойылды, (өткен жылы алғаш рет Иранға 4763 бас (129,5 тонна) тірі қой мен қозы (509,8 тонна) экспортталды. Қазақстаннан сиыр етін импорттауға қойылатын талаптар келісілді, тауық жұмыртқасын экспорттауға рұқсат берілді. Бұдан басқа, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі және ұсақ мал жеткізуге шектеулер алынып тасталынды. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктеріне ет және ет өнімдерін, тауық жұмыртқаларын жеткізу үшін кедергілер жойылды», - деді сөз басында Ө.Шөкеев.

Қазірдің өзінде қытай нарығы Қазақстаннан импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне: мұздатылған сиыр және қой, балық, бал, тірі жылқылар, сондай-ақ бидай, кебек, соя, жоңышқа, рапс жүні, ұн, өсімдік майы өнімдерін тасымалдауға ашылды. 2017 жылы ҚХР-ға ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 34,3% -ға (134,5 млн. АҚШ долларынан 180,6 млн. долларға дейін) өсті.

«Ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға 167 қазақстандық кәсіпорын шет елдердің РЕЕСТР-леріне енгізілді. Мысалы, 150-ге жуық кәсіпорындар Қытайға әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға құқылы болды, 17 балық өңдеу кәсіпорны Еуропалық Одаққа балық өнімдерін экспорттауға рұқсат алды», - деп толықтырды ол.

Атап өткендей, Қазақстан жақсы жерде орналасуына сәйкес, бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар (Қытай шекарасында Қорғас порты, Каспий теңізіндегі Ақтау порты, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) іске асырылуда.

«Қазақстан экспорттық әлеуетке ие. Бұл, ең алдымен, ет өнімдері, сиыр және қой еті. Қазақстан қол жеткізген бәсекеге қабілеттілік деңгейін қолдау және оның одан әрі кеңеюі үшін агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің тәсілдері ішкі нарықтың қорғалуына, сыртқы сауда нарығын кеңейтуге, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға баса назар аударылуда», - деп түйіндеді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда аграрлық сектор 4,4 млрд. доллар инвестиция тартты, ал осы жылдың бірінші тоқсанында 136 млн. доллар инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% артық. Ал, ағымдағы жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау. 47% -ға өсті, оның ішінде өңделген өнімдердің экспорты 26% өсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы әлемнің ірі компанияларының және отандық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, әлемдік саясаткерлердің, сарапшылардың, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық корпустың 650-ден астам жетекшілері «Kazakhstan Global Investment Roundtable» қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстанның инвестициялық, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілік саласындағы саясатын талқылау.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер