BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақылбек Күрішбаев: Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласында мамандар жетіспейді

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Экономиканың нақты секторы үшін мамандар дайындаудағы Университет пен жұмыс берушілердің серіктестігі» тақырыбында Республикалық форум өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.К.Евниев, «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев және 150-ден астам отандық, шетелдік агробизнес өкілдері, ассоциациялар, сондай- қоғамдық ұйым мен саяси партия өкілдері қатысты.

Форум барысында жоғары оқу орындарының білікті маман дайындауы, оқу ордасы түлектерді нарықтың шынайылығына толық бейімдеу барысындағы жаңа бағдарламалар мен өзге де сұрақтарды қарастырып, келешек жоспарларымен бөлісті.

"Мұндай мәселелер мен жағдайларда ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер арасында аса жоғары байланыс қажет. Аталмыш форум қажеттіліктердің үдерісінен шығуды көздеп отыр. Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ өзінің әріптестері мен серіктестері үшін кадрлар жасақтаудың инкубаторы. ҚазАТУ серіктестіктері ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін 1 жыл бойы оқытушылар мен докторанттардың өздерінің алаңында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік жасап отыр. Бұл келешекте жаңа бизнес көзінің ашылуына, жаңаша ғылыми жобалардың өмірге келуіне зор мүмкіндік" - дейді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.

Сонымен қатар, университетте бірқатар шағын тәжірибе орталықтары бар. Мысалы, Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы; Инженерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі Қазақстан-Беларусь орталығы; ГАЖ технологиялары орталығы; Робототехника ғылыми-зерттеу орталығы; ет және сүт өнімдері және майлы дақылдарын өңдейтін тәжірибелік өндірістік цех. Бүгінгі форум барысында қатысушылар аталған орталықтарды аралап көрді. Бұл платформаларда студенттер, келешек мамандар өндірістік тәжірибеден өте отырып біліктіліктерін арттырады

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті отандық нақты секторлар үшін кадрларды даярлауға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасын әзірлеуі форумның өзектілігін көрсетті. Бүгінгі таңда білім ордасы 86 мамандық бойынша, оның ішінде 14 аграрлық бағыт бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларды дайындайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер