BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үкімет жобалық менеджмент қағидаттарын енгізіп жатыр

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Үкіметте жобалық менеджменттің қағидаттары енгізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үкімет басшысы «Бүкіләлемдік банк. Қазақстанның жүйелі диагностикасы» сессиясында сөз сөйледі.

«Біз 2025 жылға дейін елдің стратегиялық даму жоспарын әзірлеп жатырмыз. Сонымен қатар Қазақстанның экспорттық инвестициялық стратегиясы жобасымен жұмыс істеудеміз. «Ақпараттық Қазақстан» жаңа бағдарламасы бойынша жұмыс аяқталуға таман. Бұл міндеттердің барлығы өзгерістерді басқару мен дамудың тың амалдарын талап етеді. Сондықтан біз жобалық менеджмент қағидаттарын енгізіп жатырмыз. Үкімет кеңсесінде орталық штаб енгізілді, министрліктерде штабтар жұмыс істейді. Болашақта өңірлік деңгейге көшеміз. Себебі біздің алдымызға қойылып отырған міндеттерді жобалық менеджментсіз шешу мүмкін емес», - деп атап өтті премьер.

Сағынтаевтың айтуынша, бүгінгі таңда үкімет алдында дамудың басты сегіз бағыты қойылып отыр. Олар отын-энергетика кешені, экономиканың базалық салалары, АӨК, көлік және логистика, туризм, сауда, білім және денсаулық сақтау. Әр бағыт бойынша мақсатты индикаторлар анықталды және әр министр бұған қол жеткізудегі мақсат-міндеттерін жақсы біледі, деді үкімет басшысы.

«Осы орайда біз Бүкіләлемдік банкке Қазақстанның дер кезіндегі диагностикасы үшін алғыс айтамыз. Ол үкіметке мүмкіндіктер мен тәуекелдерді, проблемалық түйіндерді анықтауға, және оларды шешу үшін құнды ұсыныстар алуға көмектесуі тиіс. Біздің бүгінгі кездесуіміз бен одан арғы жұмыстың көздеген басты мақсаты осы», - деп түйіндеді сөзін Сағынтаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер