BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан гүлденген мемлекет құруға дайын екенін көрсетті – Мюллер

Бүкіл әлемдік банктің Еуропа мен Орталық Азия өңірлері бойынша вице-президенті Сирил Мюллер Астана экономикалық форумында Қазақстандағы қаржы орталығының жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 25жыл ішінде Қазақстан ел трансформациясын сәтті жүзеге асырды.

«90 жылдардың басында осы өңірде жұмыс істеген Бүкіләлемдік банктің ең алғашқы сарапшыларының бірі ретінде айтарым – Қазақстан осы уақыт аралығында айтарлықтай дамыды.Үкімет пен серіктестерге осы ширек ғасырда бізге сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз. Қазақстан Бүкіләлемдік банкке 1992 жылдың 23 шілдесінде кірді. Біз алғашқы кеңсемізді 1993 жылы Алматыда аштық, кейін 1998 жылы біздің елдің кеңсесі Астанаға көшті. Алматы біздің өңірлік кеңсеміз орналасқан қала болып қалды. Біздің бастапқы өзара әрекеттестігіміз ұлттық институттар құруға қолдау көрсетуге бағытталды, экономикалық әлеуметтік даму басымдығымыз болды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан гүлденген мемлекет құруға тас түйін дайын екенін көрсетті. Осы ширек ғасыр ішінде Қазақстан позитивті трансформацияны жүзеге асыра білді», - дейді С.Мюллер.

Вице-президенттің айтуынша, Қазақстанда тек соңғы 10 жылда кедейлік екі есеге қысқарған, сондай-ақ мықты орта тап пайда болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер