BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұ.Есдәулеттің жырлары түрік тілінде жарық көрді

АСТАНА. 29 шілде. BAQ.KZ – Анкара қаласындағы "BENGU" баспасынан қазақтың талантты ақыны Ұлықбек Есдәулеттің "Siirler" ("Жырлар") деген атпен жыр жинағы жарық көрді.

Жинақты түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев, тәржімасын редакциялаған түрік ақыны Метин Өзарыслан. Жыр жинақтың алғысөзін жазған Евразия Жазушылар одағының төрағасы, белгілі түрік прозашысы Якуб Омероғлы. Ақынның жылқы жылы туылғанын ескеріп, кітап мұқабасын арғымақтардың суретімен безендіріпті. Өскеменде өткен ақынның 60 жылдық мерейтойында Якуб Омероғлы арнайы келіп, осы сүйінші хабарды қалың оқырманға жеткізген болатын. Әзірге ақынның қолында жинақтың тек 20 данасы ғана бар екен. Бұған дейін талантты ақынның Қытай, Монғолия елдерінде де бірнеше кітаптары жарық көрген болатын. Алдағы күзде Түркия елінде және Алматы, Астана қалаларында ақын жинағының тұсаукесер рәсімі болады деп күтілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер