BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түркі кеңістігінде жаңа басылым дүниеге келді (ФОТО)

Астана. 26 маусым. Baq.kz – Түркі академиясы «GLOBAL-turk» атты сараптамалық-талдау бағытындағы халықаралық журналының алғашқы санын жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өткен айдың басында Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі Кеңесінің IV саммитінде Түркі академиясына түркі әлемі елдерінің интеграциясы жолдарын айқындау үшін бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүше-елдердің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру ұсынысын жасады. «GLOBAL-turk» журналы сол міндеттерді орындау мақсатында жарыққа шықты.

 

Басылым түркітанумен ғана шектелмей, Еуразия кеңістігін ен жайлаған Түркі әлемінің өзекті мәселелеріне қатысты тың зерттеу мақалалар, түркі интеграциясы туралы терең ізденістерді жариялап отырады. Түркі елдері ғалымдары арасында ортақ күн тәртібі мен ғылыми дискурс қалыптастыру да көзделіп отыр.

 

Редакция алқасы құрамына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстанмен бірге Жапония, АҚШ және Ресей Федерациясы сияқты елдердің белгілі ғалымдары мен халықаралық ұйымдардың басшылары, стратегиялық орталықтардың жетекшілері кірген.

 

Журналдың алғашқы санында Қазақстан, Германия, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдері ғалымдарының тарих, түркітану, ұлттық болмыс, Орта Азия саясаты, Еуразия жайы, дін т.б мәселелерге қатысты салмақты мақалалары жарияланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер