BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түркі академиясы журналистерді құттықтады (ФОТО)

Астана. 26 маусым. BAQ.KZ – Журналистердің кәсіби мерекесіне орай кеше Түркі академиясы Астанадағы бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосып, құттықтады. Бұл туралы академияның баспасөз қызметінен хабарлады.  

Академия президенті Дархан Қыдырәлі Түркі академиясына ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан мен Қырғызстанның ақпарат құралдарының аттарын жеке-жеке атап, алғысын білдірді.
«Сіздердің әрқайсыларыңыз, сіздер қызмет ететін әрбір бұқаралық ақпарат құралына қалай алғыс айтсақ та жарасады», - деді ол. Түркі академиясының алғыс хатымен «Қазақстан» ұлттық арнасы, Әзірбайжан қоғамдық телеарнасы, Түркияның «Анадолы ажансы», «Қазконтент» АҚ, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен «Айқын», «Жебе» «Астана ақшамы» сынды газеттер марапатталды.
Арнайы сыйлықтар «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айгүл Сейіловаға, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» бағдарламасының бас редакторы Болатбек Баянханға және BAQ.KZ ақпараттық порталының тілшісі Майгүл Сұлтанға табыс етілді.
Айта кетейік, Түркі академиясы 2010 жылдың 25 мамырында қазіргі заманғы мемлекетаралық және этносаралық интеграция үдерісіне сай қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы түркологиялық зерттеулерді жүзеге асырушы, үйлестіруші және нығайтушы жетекші ұйым ретінде құрылған болатын.

 

Суретті түсірген Ғабит Мадалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер