BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Сөз коды» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Астана. 12 мамыр. Baq.kz – Олжас Сүлейменов ғалымдарға «Сөз коды» атты жаңа кітабының тұсаукесерін жасады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақ және орыс тілдерінде шыққан жаңа кітап Олжас Сүлейменовтың «Мың бір сөз» этимологиялық сөздігінің алғысөзі ретінде шығып отыр.


Білім және ғылым Министрі Аслан Сәрінжіпов:
- 1975 жылы Олжас Сүлейменов өзінің тұңғыш кітабы «Аз и Я» -ның тұсаукесеріне Ғылым Ордасында куә болғанбыз. Бүгін «Сөз кодынында» осы орданың қабырғасында таныстырылуы жайдан-жай емес, - деп, бұл еңбектің «Аз и Я» кітабынан кем түспейтіндігін атап өтті.


- «Сөз коды» - бұл менің 50 жыл бойғы сөздің шығуын зерттеп, жинақтаған еңбегімнің бір бөлігі. Алдағы уақытта сөз этимологиясына арнайы сайт ашып, студенттерді этимология негізіне үйретуді жоспарлап отырмын. Өйткені сөз этимологиясы арқылы адам сөздің тарихын, тілдің тарихын, яғни мәдениеттің тарихын, саналы адамның тарихын біледі, - деді жазушы.


Айта кетейік, оқырмандар Олжас Сүлейменовтың сайтына кіріп, этимологиялық сөздіктің қорын толтыруға атсалысуларына толықтай мүмкіндіктері бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер