BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Серік Ақсұңқарұлы Есенғали Раушановтың ақындығына баға берді

Астана. 24 ақпан. Baq.kz – Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әдебиеттегі інісі Есенғали Раушановтың поэзиясына көзқарасын білдіріпті.

Есенғалидың жырларын оқып, есімнен танып отырмын! («Жас АЛАШ» 24.02.2015 ж.). Міне, қазақтың қара өлеңінің биік деңгейі! Адамзаттың көзін арбаған 50 елдің қайсысы тізе қағысар екен онымен?! Есенғали – ХХІ ғасырдың ұлы ақыны! Алаштың атойлаған асқақ рухы кәуірлер Хан Кененің басын кесіп алған күні қара аспанға ұшып кеткен деп,ойлаушы едім...Қайрылмасқа кетті деп! Қазақтың Қара Өлеңіне айналып кеткен екен ғой! Мұндай ұлы жыры бар елдің Цивлизация көгіне шырқап шығып, тәкаппар адамзатты өзіне жалт қаратпауы мүмкін емес!

Бүгін "Жас Алаш" газетінде жарық көрген Есенғали Раушановтың өлеңдерінен үзінді ұсынамыз.

ИНТЕРВЬЮДЕН СОҢ

Несiн қазбаладың,
Өшкем де жоқ, жоқ және маздағаным,
Қателердi жасауға мен жасаған
Бiр кiсiнiң ғұмыры аз, қарағым.

Ақталам не деп бүгiн,
Бақа уайымым көп болды, бөлек мұңым.
Жаңсағым мен мiнiмдi түзетерге,
Мен бiлмеймiн қанша өмiр керектiгiн.
Сатпаған құстар ғана,
Әсiресе, бозторғай ұшқан дара.
Менiң ессiздiктерiмдi қайталауды
Тiлемеймiн дос түгiл дұшпанға да.

Көлден өтiп, көлденең шөлден өтiп,
Өлмегенмен өзiңдi өлмелi етiп,
Ел жадынан тезiрек ұмытылсаң,
Ешкiм бiлмес, танымас жерге кетiп.

Бiзде нендей алысқа самғар күш бар,
Бәрi өтпелi – арзу, ой, арман құштар.
Қалатыны түк те емес – бiр құлпытас,
Қонып ұшар қанаты талған құстар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер