BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Республикалық «Аңсар – 2014» әдеби байқауы

 АСТАНА. 30 шілде. BAQ.KZ – Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «KazFond» Қоғамдық жастар қоры республикалық «Аңсар – 2014» әдеби байқауын жариялайды.

 «Әдебиет порталы» – байқаудың ақпараттық қолдаушысы ретінде байқауға ұсынылған шығармаларды порталға онлайн түрінде жариялап отырады. Поэзия, проза, журналистика аталымдары бойынша өткізілетін әдеби байқаудың негізгі мақсаты – жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, жастар арасындағы ең үздік ақын, ең үздік қаламгер және ең үздік журналисті анықтау, үздік деп танылған шығармаларды оқырман арасында кеңінен насихаттау. Әдеби байқаудың ережесімен толығырақ мына жерден таныс бола аласыздар!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер