BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда «Қазақстан жазушылары» жобасы басталды

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қазақстан жазушылары» жобасы басталды. Осы жоба аясында алғаш болып жас ақын Жарқынбек Амантайдың «Қар аралас жапырақ» атты шығармашылық кеші өтті.

«Осы мезгілде ақындардың қаламынан көптеген туындылар жазылады. Өйткені күзгі ауа-райы шабытты қозғап, көңілді толқытады, - дейді ақын.

Шығармашылық кеште автор оқырман назарына соңғы уақыттарда жазған өлеңдерін ұсынса, әдебиетке жаны құштар жастар ақынның туындыларын жатқа оқыды.

Жарқынбек Амантайдың алғашқы жыр жинағы 2006 жылы «Алла жар» деген атпен жарық көрген. Қазіргі уақытта екінші кітабы баспаға дайын тұр.

«Жобаны «Жас Отан» ұйымдастыруда. Республикалық тізімге өңірімізден алты ақын еніп отыр. Енді облысымыздың аудандары мен қалаларында алты кеш өткізіледі», - деді «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының жетекшісі Санира Жүсіпова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер