BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Олжас Сүлейменов – 80 жаста

Астана. 9 мамыр. Baq.kz. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Олжас Сүлейменовтың шығармашылығы және ұлттық сананың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. 

Белгілі ақын, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, халықаралық «Невада-Семей»антиядролық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған жиын жағымды нотада басталды. Қонақтар ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен танымал суретші Амандос Ақанаевтың шығармалары, оның ішінде мерейтой иесінің портреті қойылған көрмені аралады.
Пленарлық отырыстың шымылдығын түре отырып, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанұлы Олжас Омарұлының бүгінде ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтардың бірі әрі бірегейі екенін атап өтті. «Мен Олжас Омарұлының негізгі үш қызметін атап өткім келеді. Ол поэзия, ғылыми проза және публицистика, оның азаматтық ұстанымының іс жүзіндегі көрінісі. Ақын ретінде ол алпысыншы жылдардағы Андрей Вознесенский, Роберт Рождественский,Евгений Евтушенко, Белла Ахмадуллина, Новелла Матвеева, Юнна Мориц және өзге детанымал ақындар тізімінде ойып алар орны бар тұлға. Ол «Нет Востока и Запада нет,есть огромное слово Земля» деп әлемге жар салды. Осылайша 1961 жылдан кейін өзінің өлеңдерімен Америка мен Батыс Еуропаны баурап алды. Оның шығармашылық кештерінде зал ішінде ине шаншырлық жер болмайтын еді», деді ректор.
Олжас Сүлейменов батыл әрекеттер адамы. Дәл сондықтан, қысқа мерзімде«Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Аз уақыт ішінде нәтижелі еңбектер атқарылды. Мақсаты айқын ақындықты жанына туеткен азамат әрқашан ел игілігі үшін қызмет етті. Әрі қарай да солай бола бермек.
«Олжас Сүлейменов өзінің ең алғашқы 1961 жылы сәуірде жазған «Адамға табын жер енді» поэмасымен бүкіл дүниежүзіне қалай танылса, сол танылған биігінен, өзінің сол рухани ұлы кеңістігінен жазбай, жаңылмай келеді. Олжастың ең басты байлығы, ең басты ерекшелігі оның бойында қазақты әлемге танытатын үлкенрухтың, үлкен асқақтықтың бар екендігі. Оның поэзиясы бірте-бірте кемеңгерлергетән ойшылдыққа ойысты. Ол ғылым мен әдебиетті бір-бірімен үйлестіріп, ұштастырабілді. Осы үрдісті қазір де жалғастырып келе жатыр. Олжакең халқының махаббатына бөленген тұлға. Халқымен қашанда осылай бірге бола береді», - деп атапөтті Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын, сенатор Нұрлан Оразалин.
Жазушы, публицист, лингвист Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға арнайы шақырылған мәдениеттанушы, публицист, қоғамқайраткері М.Әуезов қатысып, «Олжас Сүлейменов және ұлттық идея» тақырыбында баяндама жасады. Ол: «Бүгінгі үлкен қуанышты күн Олжекеңнің қуанышы ғана емес,бүкіл қазақтың қуанышы. Олжас еңбекқорлығының арқасында осынша беделге жетті.Тек қана өзін ғана тәрбиелемей, қазақтың абыройлы тағдыры үшін зор үлесін қосты. Дүйім жұрттың арасында патриоттықты насихаттап, ұлттық сана сезімді оятқан және дұрыс жолға салған осы Олжекең болатын. Олжастың жүріп өткен жолы кез келген жанға үлгі, жеткен жеңісі бүкіл қазақ баласына өнеге. Ақын терең ойдың азаматы, рухты адам. Сол мықты рухының арқасында еліміздің абыройын асқақтатты»,- дей келе, ақынның атқарған еңбегіндегі ұлттәрбиесіне қатысты тың дүниелермен таныстырып өтті.
Алқалы жиын конференцияның секциялықотырыстарында жалғасты. Іс-шара барысында барлығы 50-ден астам баяндаматыңдалып, Олжас Омарұлы шығармаларының құрылымдық, стильдік ерекшеліктері талданды.
Ұрпаққа үлгі, халқының маңдайына жарық жұлдыз болып біткен нар тұлға мерейтойының алғашқы легі осындай леппен басталды. Алғашқы болып құттықтаған алма-матер ұжымы Олжас Омарұлына қажымас қайрат, сарқылмас төзім мен зор денсаулық тілейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер