BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.73
Астана:

Мұхияттың мөлдір жырымен сусындаңыздар

Астанадағы ҚР Ұлттық акедемиялық кітапханада жас ақын Мұхият Қойшыбайдың тұңғыш жыр жинағының тұсаукесері өтеді. "Еркелеткім келеді" деп аталатын шағын ғана жинаққа Мұхияттың мөлдір жырлары топтастырылған. Жыр кешіне Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы және басқа да мәдениет пен әдебиет өкілдері қатысады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Ол – ақын! Мынау қоғамның сүркейлігімен, әлемді жаулаған саяси ахуалмен, пендеуи пасықтықпен, адами арамдықпен былғана қоймаған ақын. Ешкімнің көңіліне тимей-ақ, ешкімнің өрісіне түспей-ақ өз әлемін, өзінің «өлең» деп аталар жұмақ мекенін жеке жайлаған жас талант. Оның өлеңдерін оқып отырып қазақы қоңыр тірлік, соноооу, тым алыста, сіз бен біздің қолымыз жете бермес, аяғымыз ол жаққа қайта аттап баса алмайтын сағынышқа толы, қазақы болмысқа толы, толы емес-ау, меймілдей асып-төгілген ұлттық руханиятты танисың.

Мұхияттың алғашқы жыр жинағының тұсаукесері өтеді. Ертең. Қоңыр әуен, қоңыр жырға сусындағыңыз келсе ҚР Ұлттық акакдемиялық кітапханаға келіңіз. Ертең 5 қазан сағ: 15.00-де жас ақын Мұқият Қойшыбайұлының "Еркелеткім келеді" атты тұңғыш жыр жинағының тұсаукесерінде қазақ поэзиясының жаңа бір лебімен кездесіңіз. Жыр бұлағымен сусындаңыз. Алдыңғы буын ағаларының, кейінгі буын інілерінің Мұхияттың мұңына, Мұхияттың мөлдір жырына берер бағасын өз көздеріңізбен көріп, өз құлақтарыңызбен естіп қайтыңыздар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер