BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхамедиұлы жазушы Сұлтан Қалиұлының туыстарына көңіл айтты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы белгілі ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі, «Ұлан» газетінің бас редакторы Сұлтан Қалиұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

"Қай кезде де әдебиет пен өнер керуенінің басында болып, ұлт мәдениетінің көшін түзетуге атсалысқан адамдар болады. Еңбек жолын Жамбыл ауданы орта мектептің мұғалімдігінен бастап, Қазақ радиосының музыка, балалар редакцияларында аға редакторы, республикалық «Балдырған» журналында жауапты хатшы, «Ұлан» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. «Сыныққа сылтау», «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем саған, мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Теміртесер», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын», «Әйт, шу, тұлпарым» және т.б. көптеген жинақтары шықты. Балалар поэзиясы, сатира жанрында еңбек еткен Сұлтан Қалиұлы сондай тұлғалардың бірі болатын.

Сұлтан ағамыз қазақ әдебиеті мен өнерін дамыту жолында бар күш-қайратын сарп етті. Ұлттың рухани болмысы мен санасын терең ойлы шығармалары арқылы қалыптастыра білді. Қазақ өнерін республика көлемінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде кеңінен насихаттады. Тәрбиесі мен бай тәжірибесі өнегелі өмір жолынан анық көрінді. Ол өмірінің соңғы минутына дейін қазақ өнері мен мәдениетінің бағыт-бағдарына жанашыр болып өтті. Қай кезде де алған биігі мен xалқы көрсеткен құрметке лайық болуды мақсат еткен жан еді.
Сұлтан Қалиұлының жарқын бейнесі барша қазақстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталады", - делінген министрдің көңіл айту хатында.

Айта кетсек, "Ұлан" газетінің бас редакторы кеше қайтыс болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер