BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Миға операция жасаған дәрігерлер саксофон қолданды

Астана. 18 желтоқсан. Baq.kz - Испанияның Малага қаласында миға операция жасаған хирургтар саксофон қолданыпты. Бұл туралы 24.kz жазды. 

12 сағатқа созылған операция кезінде науқас ояу жатып, саксофон ойнап шыққан. «Бұл – оның есту, сөйлеу және қозғалыс қабілетін тексеру үшін жасалған шара», - дейді дәрігерлер. Бас миынан пайда болған қатерлі ісік 27 жастағы жігіттің музыка қабылдау қасиетіне нұқсан тигізе жаздаған. Бірақ тығырықтан шығудың жолын іздеген мамандар ақыры соңында індеттің бұл түріне тың ем тапқан. Олардың айтуынша, бұндай операция Еуропада алғаш рет жасалып отыр. Гильермо Ибанез, нейрохирург: - Емделушінің саксофонда ойнағаны оперцияның сәтті өтуіне зор көмегін тигізді. Осылайша, біз операция барысында оның есту қабілетін бақылай алдық. Сондай-ақ қозғалысқа жауапты бас ми қабығына зақым келмеуін де қадағалап отырдық.

Карлос Агилера, емделуші:

- Осыдан екі ай бұрын аурудың салдарынын мен төсек тартып қалған едім. Бірақ қазір жаңа белестерді бағындыруға дайынмын. Өзімді өмірге қайта келгендей сезінемін. Менің сөйлеп тұруымның өзі жағдайымның жақсарып бара жатқанын дәлелдейді. Сондықтан барлықтарыңызға рақмет!
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер