BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауына қатысыңыз!

 АСТАНА. 1 тамыз. BAQ.KZ – «Әдебиет порталы» интернет-жобасы «Менің анам мен әкем» үздік әдеби эссе байқауын жариялайды.

 Байқаудың мақсаты – бұл байқауға кез келген жеке тұлға (жасына, кәсібіне, ұлтына, мамандығына қарамастан) қатыса алады. Байқау арқылы автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру, көркем әдебиетке баулу, әрбір адам ата-анасын құрметтеп, үнемі хабарласып, хал-жайын біліп-тұруға үндеу, кейбір жандардың өмірден өткен аяулы аналары мен асқар тау әкелеріне деген мәңгілік сағынышының жазбаларын оқырмандар назарына ұсыну. «Менің анам мен әкем» тақырыбында жазылған үздік эсселерді интернетте кеңінен насихаттау.

 

Байқаудың негізгі міндеттері:

 

– Қатысушылардың жас мөлшеріне шек қойылмайды;
– Байқауға ұсынылатын шығармалардың тақырыпқа сай болуы басты назарға алынады;
– Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы;
– Мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.)
– Шығарманың тіл байлығы мен мәнерлігі және синтактистік құрылымына, мәтіннің көркемдік ( ой-сезіммен астасуы т.б.) құрылымға негізделуіне мән беріледі;

 

Ұсынылатын шығармаларды рәсімдеудің талаптары:

 

1) «Әдебиет порталына» тіркелу;
2) «Әдебиет порталындағы» жеке бетін толтыру (аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, фотосы, сүйікті жанры, т.б);
3) Байқауға қатысушы шығармаларын «Менің анам мен әкем» эссе байқауына деген айдармен «Әдебиет порталындағы» өз блогына жариялау;
4) Жариялаған эссенің сілтемесін көрсетілген (zhusupova.saltanat@mail.ru) электронды мекен-жайға жолдау;
5) Эссенің көлемі 3 беттен кем емес, 5 беттен артық болмауы шарт;
6) Орфографиялық, стилистикалық және тыныс белгілік қателер болмауы тиіс;

 

Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарын мараппаттау

 

Бас жүлде – /біреу/
І орын – /біреу/
ІІ орын – /екеу/
ІІІ орын – /үшеу/
Ынталандыру сыйлықтары – /бесеу/
«Әдебиет порталының» арнайы жүлдесі

– Үздік жұмыстар конкурстың қазылар алқасының дауыc беруі арқылы және әлеуметтік желідегі белсенділігі мен бағалануы арқылы анықталатын болады;
– Жеңімпаздардың үздік деп танылған шығармалары танымал тұлғалардың «Менің анам... Менің әкем...» жобасындағы үздік туындыларымен қатар арнайы жинақ болып басылып шығады;
– Байқауға шығармалар 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады;
– Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2014 жылдың 16 желтоқсанында өткізіледі;
–Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 


Қосымша ақпарат алу үшін:
Байланыс телефондары: +7 (7172) 79 82 06; 8 778 999 85 89
Эл. пошта: zhusupova.saltanat@mail.ru


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер