BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Менің алғашқы кітабым» эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана. 26 мамыр. Baq.kz – «Әдебиет порталы» интернет-жобасы ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Менің алғашқы кітабым» эссе байқауы өз мәресіне жетті.  

Еліміздегі мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау, білімді, қабілетті жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру және шығармашыл жастарды оқырмандарға интернет арқылы таныту мақсатында ұйымдастырылған байқауға республика аймағындағы 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының шығармалары қатыстырылды. Байқауға ұсынылған шығармалар екі тілде (қазақ, орыс тілдерінде) қабылданды.

Байқауға Астана қаласының мектептерінен, Қарағанды, Жезқазған, Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан қазақ тілінде барлығы 55 шығарма келіп түскен. 

«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауында үздік деп танылған 10 оқушы:

1. Әлия Іңкәрбек – Алматы облысы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы

2. Дина Бөкебай – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақыауылы № 25 мектебінің 9-ынып оқушысы

3. Адина Иманбаева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы

4. Азамат Бақиев – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Көпжасар ауылы, Д.Нұрпейісова мектебінің 10-сынып оқушысы

5. Жадыра Мырзабай – Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы

6. Сымбат Құттыбай – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы

7. Айбибі Қуандықова – Астана қаласы №61 орта мектебінің 6-сынып оқушысы

8. Жібек Беркутова – Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №1 орта мектебінің 8-сынып оқушысы

9. Гүлнұр Тұрсынханова – Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің 9-сынып оқушысы

10. Дария Исмаилова – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер